SAYAHAT-NEWS
ЖОБА ТУРАЛЫ
Sayahatnews.kz – бұл Қазақстандағы туризм туралы ақпараттық портал

Порталдың басты мақсаты – Қазақстан Республикасын ақпараттық кеңістікте ілгерілету, отандық туризмнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру
Қазақстан тиімді геосаяси жағдайға, елеулі табиғи -рекреациялық ресурстарға және әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілеріне (ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне 11 объект енген), бірегей табиғи алуандылыққа ие бола отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм картасында үлкен қарсылас болуы үшін барлық қажетті базалық алғышарттар бар.

Sayahatnews.kz - отандық туризм жайлы біртұтас ақпараттық портал, мұнда Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген барлық өңірлердегі тарихи орындар, көрнекті жерлер, ғимараттар және туризмнің негізгі бағыттары туралы толық көлемде ақпарат ұсынылады.

Біз еліміздің әр түрлі орындарын барынша қамтуға баса назар аудардық.

Біз республика бойынша әдемі орындар, қызықты оқиғалар, фестивальдар мен мерекелер туралы айтып, түрлі сапарлар мен экскурсияларды сипаттаймыз.

Межелі жерге қалай жетуге болатынын анықтауға көмектесеміз.

Еліміздің бірегей, көрікті жерлерін фото және бейнематериалдарда көрсетеміз.

БАЙЛАНЫС
Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі, 1 кеңсе