АБАЙ-175 КАЗ

Абайға – 175 жыл. «Азия АВТО» LADA Granta бірегей автомобильдер сериясын шығарды.

Биыл барша жұрт ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуде. Атаулы күнге орай республика бойынша бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мерекелік іс-шаралар эстафетасын өскемендік АЗИЯ АВТО құрастыру зауытының ұжымы қолдады. Олар Classic базалық жиынтығында LADA Granta-ның бірегей сериясын шығарды. Бұл автомобильдерде Abai175 жазуы болады. Әр сатып алушыға ұлы ағартушының «қара сөздері» кітабы табысталады. Айта кетерлігі, LADA Granta өзінің сегментіндегі танымал автомобильдердің бірі, сондай-ақ бірнеше жыл бойы қазақстандық өндірістің ең сұранысқа ие автомобилінің позициясын ұстап тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл модельдің сатылым саны 5000-нан асты.