ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарға кітап оқуға барыңыз

Бізді кейде ең көп оқитын ұлт деп айтып жатады. Оны әзілмен де, шынайы да қабылдауға болады. Бірақ кітаптарға, оқуға және оны насихаттауға деген сүйіспеншілікті павлодарлықтардан тартып ала алмайсыз.  Мұндай әдемі қалада туристер мен қала тұрғындары кітапты немесе қызықты журналды қолға алуға асығады, оны тіпті қала орталығында оқи алады.


С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Павлодар қаласының қонақтарына және қала тұрғындарына кітапты немесе мерзімді басылымды қызығушылықтарына қарай  таңдауға мүмкіндік берді. Ол Павлодардың басты көшесі – Сәтпаев көшесінде орналасқан және кіреберісінің жанына әдеби шкаф орналастырып, осындай кітап алмасу немесе «ашық кітапхана» атты буккроссинг ұйымдастырды.


Әр адам, оның ішінде келушілер де осында қойылған басылымдармен таныса алады. Мұнда сіз қазақ, орыс, кеңес, шетел әдебиетінің классиктерін, ғылыми-танымал басылымдарды, Павлодар Ертіс өңірінің авторларының өлеңдері, прозалары, публицистикасы және драмалары жарияланатын жергілікті «Найзатас» әдеби журналын таба аласыз.


Буккроссингті ұйымдастыру идеясын кітапхана директоры Шолпан Баянқызы Шахметоваұ/ ұсынды, деп хабарлады мекемеде. Шын мәнінде, кітап алмасу кітапхананың өзінде және бұған дейін оның фойесінде жұмыс істеді. Адамдар оқыған кітаптарын алып, сөрелерде қалдырып отырған. Алайда, С.Торайғыров атындағы кітапхана қызметкерлері де сол жерде том-том кітаптарды тікелей үйден алып жүрді. Басқа ынталы оқырмандар кітапты өзімен бірге алып кетіп жүрді; енді бұл кітап алмасу көшеге жүзеге асты.


Кітапханашылардың ойынша, көшедегі кітап сөрелері сол оқырмандардың, осы тосыннан жасалған «ашық кітапхананың» кездейсоқ келушілерінің есебінен толықтырылуы тиіс. Павлодардың орталығында буккроссинг қанша уақыт жұмыс істейтіні әлі белгісіз. Сондықтан, осы жайлы қалаға барып, оның көшесінде қызықты кітапты қолға алып отыруға асығыңыз.


 «Барлық оқырмандарды облыстық кітапхананың алдында орналасқан «ашық кітапхананың» кітаптарын пайдалануға шақырамыз, - делінген Павлодар кітапханасының сайтында. - Қала тұрғындары Кітапты өздерімен бірге жағажайға (немесе басқа демалыс орнына) алып, сәкіде отыра алады немесе кітапты үйге алып кете алады. Сондай-ақ, үйден өз кітаптарыңызды әкеле аласыз. Мүмкін олар басқа адамдарға қызық болады. Осылайша, қаламызда «кітаптар айналымы» іске асады».

Қалай баруға болады? С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасына вокзалдан 1, 1э, 10, 22 қалалық бағыттағы автобустармен жетуге болады. Егер сіз қала орталығында болсаңыз, бұл «ашық кітапхананы» облыс әкімдігі алдындағы алаңның жанында, кітапхана кіреберісінің жанында, орталық жағалауға барар жолда табуға болады.

Антон Сергеев
Фото автордыкі