Солтүстік Қазақстан облысы
Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, Батыс Сібір жазығы мен Сарыарқаның бір бөлігін алып жатыр. Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шетінде орналасқан. Солтүстігінде — Ресейдің Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен, оңтүстік-шығысында — Павлодар облысымен, оңтүстігінде — Ақмола облысымен, батысында — Қостанай облысымен шектеседі.
Халық саны - 554 517 адам (2019ж.)