«2020 жылдың 29 тамызынан бастап «Flyarystan» әуе компаниясы сәрсенбі және сенбі күндері қатынайтын Павлодар-Шымкент жаңа әуе рейсін іске қосады. Билеттің ең төменгі құны жолжүксіз 6999 теңгені, жолжүкпен 11489 теңгені құрайды», - деп хабарлайды Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы sayahatnews.kz тілшісіне.
Бесінші тамызда «Шымкент қаласы мен Павлодар облысы арасындағы пандемия жағдайында ішкі туризмді дамытудағы Қазақстан өңірлерінің ынтымақтастығы» атты конференция өтті. Оған Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы, Шымкент қаласының туризм басқармасы және туристік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы ішкі туризмді дамытудағы тәжірибесімен бөлісті, пандемия жағдайында оны қолдау шараларын талқылады, туризм әлеуетін, маршруттар мен соқпақтарды, сондай-ақ экскурсиялар мен өңірлердің көрсететін қызметтерінің түрлерін көрсетті
Антон Сергеев
Фото ашық дереккөздерден алынды