ЖАҢАЛЫҚТАР

Назар аударыңыз! 9 қарашадан бастап Павлодар облысымен Т/Ж және әуе қатынасына шектеу қойылады

9 қарашадан бастап Павлодар облысына пойызбен немесе ұшақпен жету қиынға соғады, өйткені ұшақ рейстерінің саны азаяды және аймақта пойыздардың тоқтауына тыйым салынады. Бұл коронавирустың таралуына, осыған орай карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты. Шаралар қаланың көрнекі жерлерінің жұмыс режиміне де әсер етеді.

Алайда туристер үшін аймақтың елді мекендеріне кіру режимі туралы ғана емес, көлік кестесіндегі өзгерістер туралы да білу маңызды.

«Павлодар – Алматы бағыты бойынша темір жол тасымалдары аптасына жетіден үш ретке дейін қысқартылсын; облыс ішінде жолаушылар темір жол құрамдарын тоқтатуға тыйым салынсын (облыс әкімдігі айқындайтын орындарды қоспағанда)», –деп атап өтті ел Премьерінің ақпарат көзі.

Сонымен қатар, COVID-19 таратпау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Павлодар облысының билік органдарына діни нысандардың, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын 20:00-ге дейін шектеуді тапсырды.

Есіңізде болсын, құрметті саяхатшы-оқырмандар, бұл жаңалықтардың барлығы Павлодар Ертіс өңірінде орналасқан көрнекі жерлерге тікелей қатысты.
Айтпақшы, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына тек жеткізу форматында ғана рұқсат беру тапсырылды.

Антон Сергеев