ЖАҢАЛЫҚТАР

Білек сыбана іске кірісті

Белсенділер мен экологтар Окуньки көлінің жағалауын қоқыстардан тазартты. Тоған өте әдемі және емдік қасиетке ие. Ол туристер арасында өте танымал, Өскеменнен бар болғаны 80 шақырым жерде орналасқан. Алайда, қоқысты жинау және шығару іс жүзінде қолға алынбаған.

Жағажай маусымында қалдықтар үйіндісі күн сайын көбейіп келеді. Демалушылар «бас қатырмай» қоқысты тікелей жағаға лақтырады. Осы жазда мұнда бірнеше тонна қалдықтар жиналды.


Сенбілікке табиғатқа бей-жай қарамайтындар шықты. Олардың қатарында билік өкілдері, полицейлер, коммуналдық қызмет жұмысшылары, сондай-ақ еріктілер бар. Барлығы 24 адам жиналды. Бұл өте аз болып көрінетін сияқты, алайда экосенбілікке адам артық болмайды.


Жоқ дегенде, демалыс күндері мұнда екі мыңға дейін адам келеді. Егер бір отбасы демалғаннан кейін 5 килограмға дейін қалдық қалдыруы мүмкін екенін ескерсек, онда қорытынды санды елестетудің өзі қорқынышты.



Әдетте қоқыстар көп пайдаланылмайтын жерлерде үйіледі. Бір кездері иелері бұл жерді сатып алған, бірақ оған ештеңе салмаған. Ал қазір бұл маң ешкім тазалағысы келмейтін қоқыс үйінділеріне толып жатыр.



Белсенділердің айтуынша, акция ­- теңізге құйған тамшыдай. Бірақ бұл әрекет қоғамда күрделі мәселені анықтап қана қоймай, онымен күресуге білек сыбана кірісуге дайын адамдар бар екенін көрсетті. Сенбілікке қатысушылар тастанды учаскелерді мемлекеттік қорға қайтару үшін облыстық әкімдікке жүгінуге ниетті.

Авторы: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов