ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазба жұмыстары жалғасуда

2020-09-23 10:32
Қазақстандық археологтар ежелгі түрік қағанаты дәуірінің жерлеу кешенін толықтай қалпына келтірді. Ол Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай жотасының етегінде орналасқан. Әзірге бұл біздің еліміздегі осындай көлемдегі жалғыз ескерткіш.

Түрік қағанаты 552 жылы құрылған. Сол дәуірдегі ескерткіштердің көпшілігі Моңғолияда, Тыва және Алтай республикаларында сақталған. Жерлеу-князьдік кешені ­­­­- Қазақстан үшін нағыз сенсация. Ол Елеке сазы шатқалында орналасқан. Археологиялық жұмыстар мұнда 2019 жылы басталды.



Екі жыл ішінде ғалымдар жерлеудің көрінісін толығымен қалпына келтірді. Оның көлемі биіктіктен айқын көрінеді. Айтпақшы, кешен қағанның өмірлік ордасына толықтай ұқсайды.



Шартты түрде оны үш бөлікке бөлуге болады. Алдымен келушілер лабиринттен өтіп, содан кейін құрбандық шалуы қажет болды. Құрбандыққа, әдетте, қой шалынды. Қажетті рәсімдерден кейін тәу етіп келгендерді отпен тазартты. Кесілген пирамидаға ұқсайтын бөлмеде оларды қағанның мүсіні күтіп тұрды. Ол тастан ойылып жасалған еді.



Бұл мүсіннің тағдыры өте күрделі. Кеңес заманында ол совхоз далаларының бірінде көрсеткіш ретінде тұрды. Кейін оны Ақсуат ауылының мұражайына ауыстырды. Қағанның басы жоқ. Алайдв билеушінің жиынтық белбеуі мен бекзаттық сымбаты айқын көрінеді.


Археолог Зейнолла Самашевтің айтуынша, кешен бос тұрған жоқ. Сол күндері өлген билеуші әлі де өз халқына қамқорлық жасайды деп сенген. Қайтыс болған кағаннан ауруларды емдеуді, балалардың туылуына, мал төлдеуіне көмек көрсетуді сұрады.



Қасиетті жердің айналасындағы орын да үлкен қызығушылық тудырады. Мұнда жаппай жерлеу орындары табылды. Археологтар мұны өлімнен кейін билеушінің қасына жерлеуді бұйырған беделді адамдардың қабірлері екенін жоққа шығармайды.

Автор: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов