Уәлиханов ауданы өңірдің шеткі оңтүстік-шығысында Павлодар және Ақмола облыстарымен түйіскен жерде орналасқан. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында мұнда көп жер жыртылды, ал 1990 жылдары жыртылған жерлерді тастап, қалпына келтірілмеді. Бұл аймақтың, ең алдымен, бейімделген мал шаруашылығы үшін болашағы зор, мұнда аудандастырылған мал тұқымын өсіруге болады.
Бұл жерге адамдар ие болмағандықтан, мұндай орындардағы ландшафттар кез-келген туристің көзін қуантады! Дәл осы жерде саяхатшы табиғи өсімдіктер мен... суырлар алып жатқан суыр індер бар үлкен аумақтарды көреді. Мұнда олар өте көп.
- Біз ол жерде шілде айының басында болдық. Суырлар шілде айының аяғында - тамыздың басында ұйқыға кетеді, біз олар қорек жинап, тамақтанған кезде ғана жеттік, – дейді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің аймақтық өкілдігінің жетекшісі Сергей Пашков. – Бұл жерде өте биік шөпте елік бар. Бүркіттер өте көп!
Бұл аймақта қояндар да еркін жүреді. Егер шамалы уақыт тоқтап (мүмкіндігінше тіпті қатып қалып), жануарлар өмірін бақыласаңыз, қырандардың қоян алғанын көре аласыз.
- Мұнда тырналар да бар! Олар еркін ұшады. Біз бір-екі құсты көрдік, - дейді Сергей. –Біз тек үлкен құстар мен сүтқоректілер туралы айтып жатырмыз, алайда ол жер жануарлар әлеміне өте бай.
Сұхбаттасушының айтуынша, Уәлиханов ауданы СҚО-дағы ең үлкен, бірақ ең аз қоныстанған аудан. Сондықтан аймақ тұрғындарының иелігінде кең табиғи жемшөп алқаптары бар.
Адамдар осы кеңістіктерге мал жаяды. Бұзаулар ересек жануарлармен бірге жайылымға жіберіледі және күзге дейін табиғи жайылымдарда бордақыланып, жыл бойы өседі. Мұнда табындар үлкен, олар су қоймаларына жақын орналасқан.
Қалай жетуге болады? Петропавлдан Уәлиханов ауданына А-1, содан кейін А-13 тас жолымен жетуге болады. Мысалы, аудан орталығы Кішкенекөл ауылына дейін-төрт жарым сағат, 340 шақырым. Көкшетау қаласынан 100 шақырымдай, Нұр – Сұлтан қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.
Антон Сергеев
Фотосурет авторы Сергей Пашков пен Илья Яковлев