ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт

2020-11-03 11:33
Павлодар облысы таңғажайып табиғи ландшафттарға, сәулеттің көркем объектілеріне және бірегей тарихи орындарға бай. Олар туралы сөздерден гөрі фотосуреттер жақсы сөйлейді. Бұл жинақта жас талантты фотожурналист Станислав Манаковтың суреттері мен жазбалары қоса берілген. Жұмыстар бүкіл Қазақстанға және одан тыс жерлерге танымал Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітті көрсетеді. Станиславтың өзі 2016 жылдан бастап павлодарлық «Обозрение недели» газетінде жұмыс істейді.
Антон Сергеев


Павлодардағы туристердің жиі баратын орындардың бірі – Мәшһүр  Жүсіп атындағы мешіт. Қала орталығында, үлкен саябақта орналасқан, әрі Назарбаев даңғылынан, Кривенко және Қайырбаев көшелері жағынан кіреберістері бар.


Алғашқы кірпіші 1988 жылы қаланған, алайда мешітті 2001 жылдың 23 қазанында салып бітті. Ашылу салтанатын күздің басына жоспарлаған, бірақ 11 қыркүйектегі терактқа байланысты (Нью-Йорктағы теракт, егіз мұнара) кейінге қалдыруга тура келді.


Мешіт ғимараты – көлемі 48х48 метр сегіз бұрышты жұлдыз кейпінде, жалпы ауданы-7240 шаршы метр.


Мұнара биіктігі – 63 метр (Мәшһүр Жүсіп жасаған жаспен тең), жарты аймен бірге күмбез биіктігі – 57 метр. 


Биікке көтерілгенде, қала алақандағыдай көрінеді.


Басты залды безендіретін 434 шамы бар «Зумрад» хрустальды аспашамы Өзбекстанда, Ташкентте жасалды. Аспашамның салмағы - 3,5 тонна.


Үлкен залға мың жарым адам сыяды. Қабырғалар айнала оюлармен безендірілген.


Онда Алланың 99 есімі, алғашқы, «Құранды ашатын» әл-Фатиха сүресі және соңғы ән-Нас «Адамдар» сүресі жазылған.


Мешітте неке қию залы, марқұмдарға Құран оқу залы, асхана, оқу сыныбы, конференц-зал және бес жарым мың кітап жиналған кітапхана бар.


2021 жылы мешітке 20 жыл толады. Мерейтойға орай іргелес аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізбек, оны желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кету керек, жергілікті рекреациялық аймақ салынғаннан бері жөнделмеген.


Жақында мұнда жаңартылған тротуарлар, субұрқақ, ислам және халал тауарлар дүкендері, кітапханаға арналған жеке ғимарат, балалардың ойын алаңы пайда болады.


Павлодарда барлығы 7 мешіт жұмыс істейді, облыс бойынша олардың саны – 96.

Фото авторы Станислав Манаков