Күз, жауын-шашын, жабырқаулы көңіл-күй... Оны көтеру үшін Батыс Алтайдың інжу-маржаны – радон көліне баруды ұмытпаңыз. Бірден ескертеміз, өз күшіңізді дұрыс бағалауыңыз керек. Тауға шамамен 3 сағат шығуға тура келеді, бірақ алдыңыздан шығатын көріністер соған әбден лайық.
Көлді радонды деп салыстырмалы түрде жақында атай бастады. Бұрын барлық анықтамаларда Подбелковое атауы жазылатын. Тоған осы ұңғымадан пайда болды. Қымбат металдардың жаңа кен орындарын табу үшін металлургтер шурфтарды бұрғылаған. Нәтижесінде олар әлсіз радиоактивті радон газын тапты.
Өзенге дейінгі жол айтарлықтай ауыр. Поперечное ауылынан осы жерге дейін бар болғаны 7 шақырым, алайда жол оңайға соқпайды. Сіздерге экстремалды туризмнің барлық қызықтарын бастан кешуге тура келеді. Арқаңызға жолдорба асып, тауға қарай қадам басыңыз!
Алыстан көл сізге табақшадай ғана болып көрінеді. Алайда жақындай түскен сайын, су айдынының айтарлықтай үлкен екеніне көз жеткізесіз.
Көлдің ерекшелігі – оның түсінде. Күні бойы ол көк түстен ашық көгілдірге дейін өзгереді. Қармақ алып қажет емес, мұнда балық болмайды. Бұл төменгі температурамен және радонның болуымен байланысты болуы керек.
Туристер әдетте екі тау шыңының жанында суретке түседі: Ворошилов шыңы және ОАӘО (Орта Азиялық әскери округ) шыңы. Таулар айтарлықтай биік – 3 мың метр шамасында.
Радон көліне өз бетінше жеткісі келетіндерге бағдар – Риддер қаласы, содан кейін Поперечное ауылы. Жаяу турлардың кестесін ғаламторға көлдің атын теру арқылы білуге болады. Серуенге әдетте инвентарь, сонымен қатар таңғы ас, түскі ас және кешкі ас кіреді. Қажет болса, сіз түнді көл жағасындағы шатырда өткізе аласыз. Құны бір адамға 8-ден 15 мың теңгеге дейін.
Автор: Дмитрий Крюкович Фото: Ермек Иманғазинов, Оксана Садықова