ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында Көгез этноауылына турбағыт ұйымдастырылуда

Маңғыстау облысында Ақтау қаласынан Көгез этноауылына дейінгі туристік маршрут іске қосылады.

«Бұл бағыт Көгез этноауылынан бастап туристік нысандарды, Торыш шар конкрецияларын, Шерқала тауын, Айрақты қалдық тауларын, Қызылқала қалашығын, Ақмыш шатқалын және басқаларды қамтиды», - деп хабарлады sayahatnews.kz журналисіне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінде.

Көгез этноауылы Ақтау қаласынан 170 шақырым және Шетпе аудан орталығынан (кент) 14 шақырым қашықтықта, бірнеше туристік бағыттардың қиылысында орналасқан. Көгез әсем тау бейнесімен қоршалған, дейді ақпарат көзі.

Антон Сергеев
Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды