Шығыс Қазақстанға келген қонақтар міндетті түрде Ақбауыр үңгірінде болып қайтуы керек. Ғалымдар бұл жерде неолит кезеңінде ежелгі астрономиялық обсерватория болған деп санайды. Адамзатты Күн мен Айдың жылжуы барлық уақытта қызықтырды. Ескерткіш мемлекет қорғауында, бірақ ежелгі суреттер түтігіп, бірте-бірте өшіп барады. Келесі ұрпаққа тек суретсіз қабырғалар қалуы мүмкін деген қауіп бар.