Бұл жерде сіз «Тамғалы –Тас Петроглифтарының» көшірмесін көресіз, «Шарын каньоны» инсталяциясының маңында серуендейсіз, Балқаш көлінің миниатюрасын тамашалайсыз, сондай-ақ, «Қазақстан – Корея достық бағына» тап боласыз!
Саябақ аумағымен 1200 метрлік веложол өтеді. Белсенді демалысты сүйетіндерге бұл жерде роллердром және бірнеше спорт алаңы бар.
«Жетісу» саябағында кез келген жастағы адам өзін қызықтыратын затты табады! Өйткені бұл жерде балаларға да көптеген ойын-сауық орындары бар: аттракциондар, ойын алаңдары, балалар алаңы, тактильді ойын панельдері. Мұның барлығы саябақ аумағында орналасқан. Осы жерде тамақтанатын бірнеше орын бар, бұл демалысты ыңғайлы ете түседі!
Қызық па? Мекен-жайды жазып алыңыз: Сарайшық көшесі, 13/1.
Эльдана Мақажанова