«Менің Қазақстаным» байқауы еліміздің экологиясына арналған және қоғамның назарын республиканың табиғатына аудару және оны сақтау қажеттілігі, елге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу және қазақстандық табиғи байлықтарға ұқыпты, жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өтеді. Ерекше шығармашылық сайыс екі жас санаты бойынша өткізіледі: 18 жасқа дейінгі қатысушылар мен 18 жастан асқан қатысушылар арасында.
Qazaq Gegraphy өкілдерінің мәліметтеріне сәйкес, әр қатысушы үш фотосурет ұсына алады. Санаттар саны да үшеу: «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстанның экологиясы мен табиғи ортасы».
Байқау ұйымдастырушылары фотосуреттерді www.qazaqgeography.kz сайтында 30 қыргүйекке дейін күтеді. Жеңімпаздар сыйлыққа ие болады. Ең үздік фотосуреттер Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің экология және жасыл өсім саласындағы өңіраралық ынтымақтастық Халықаралық форумы аясында қойылады, дейді ұйымдастырушылар.
Әр қатысушы жұмыстарын www.qazaqgeography.kz сайтындағы фотобайқау бөліміне жібереді.
Антон Сергеев
Фотосуреттерді байқау ұйымдастырушылары ұсынған