Бүгінгі күні Құрастыру бюросының ұжымы төрт дөңгелекті шынжыртабанды қарлы-батпақта жүретін көлікті сынауға кірісті. Ол квадроцикл, тартқыш машина, батпақта жүретін көлік, амфибия және қарда жүретін көлік сияқты техниканың бес түрін ауыстыруға мүмкіндік береді. Құрылым жолсыз жерлердің, орманды және батпақты жерлердің, сусымалы құмды және қарлы тың жерлердің ең қиын жағдайларында жол жүруді қамтамасыз етеді. Машинаға 6-дан 8 жолаушыға дейін сыяды.
Қазіргі уақытта зауыттың командасы сериялық өндіруді дайындауға қажетті жүріс сынақтарын орындауда. Қарлы-батпақта жүретін көлік пайдалануға толық дайындығын дәлелдеу үшін мыңдаған шақырымнан астам ресурстық сынаулардан өтуі тиіс.
Иван Пуряев, жүргізуші-сынаушы:
— Шұғыл жағдайларда біз жүргізетін тесттер барлық механизмдердің сенімділігін растады. Жол талғамайтын көлік 45 грудусқа дейінгі тік өрлеулер мен тік еңістерден жеңіл өтеді, су кедергілерін, метрлік шұңқырлар мен терең орлардан өтеді. Қалың қарда сенімді.
Қар-батпақта жүретін көліктің ресурстық сынақтарынан бұрын көп еңбекті қажет ететін жұмыстар жасалды – өзіндік дизайнды ойлап табу, құрылымдарды жасап шығару, компоненттерді жеткізуші серіктестерді іздеу. Әрбір бөлік бірнеше рет беріктікке тексеруден өтті. Модельді әзірлеу кезінде әскери техниканы құрудың әлемдік тәжірибесі қолданылды.
Евгений Волгаев, «АЗИЯ АВТО» АҚ құрастыру бюросының басшысы:
— Бүгін біз сынаудан өткізіп отырған жол талғамайтын көліктің ең төзімді және сенімді ит — хаскидің мінезіне тән қасиеттері бар. Машина ең күрделі жағдайда көмекке келуге дайын. Сондықтан ол «HUSKY» брендімен шығарылады. Зауыт үшін техниканың жаңа түрі белсенді демалыс әуесқойларының сұранысына ғана ие болып қалмайтынына сенімдіміз. Жол талғамайтын көлік кәсіби шұғыл қызметтер мен табиғатты қорғау ведомстволарының жұмысында қолданыс табады, ауылшаруашылық және өндірістік аумақтарда пайдалы болады. Ол әмбебап.
«HUSKY» қарлы-батпақта жүретін көліктің жинақтауыштарының жергіліктендіру деңгейі 50%-дан асады. Кәсегі, қайығы, ілмесінің элементтері мен кабельдік-өткізгіш өнімдері Қазақстанда өндірілген. Басқа жинақтауыштары Ресей, Германия, Франция мен Қытайдан жеткізіледі.
Жол талғамайтын көлікті ықшам мөлшерлері, жеңіл және берік шанағы, пайдалануға қарапайымдылығы мен жанармай шығындарының төмендігі ерекшелендіреді. Құрастырған кезде Renault—Nissan—Mitsubishi альянсының тораптары мен агрегаттары пайдаланылды, ол сенімділікті және жөндеуге жарымдылықты қамтамасыз етеді.
Кәсегінің құрылымы ширату мен иілудің жоғарғы жүктемелеріне шыдайды. Шынжыртабанының кордында құрамдастырылған текстильдік және әйнек толтырылған материалдар бар, ал жетегінің тістегеріштерін жасау үшін тозуға төзімділігі ұлғайтылған инновациялық жоғары молекулярлық пластик пайдаланылды.
Бүгінгі күні «АЗИЯ АВТО» жазғы және қысқы кабиналары бар төрт және бес дөңгелекті қарлы-батпақта жүретін көліктің екі нұсқасын конструкторлық әзірлеуді жүргізуде. 2020 жылдың соңына қарай «HUSKY» ұзартылған алты дөңгелекті нұсқасының есептеулері аяқталады.
Тәжірибелік үлгілер бензин қозғалтқыштарының екі нұсқасымен жабдықталады. Берілістерді ажыратып қосатын механикалық қораппен қатар жұмыс істейтін алғашқы 1,6 литрлік агрегат «АВТОВАЗ» АҚ-да жасалған (106 л.с.). Екіншісі — көлемі 2 л және қуаты 143 л.с.,берілісті ажыратып қосатын автоматты қораппен жабдықталатын Renault қозғалтқышы. Болашақта лай агрегаттарының желісін кеңейту жоспарланған.
Діріл мен соққы жүктемелерін теңелтуші жүрістің бірқалыптылығына тәуелсіз энергия сыйымды иінтірек ілмесінің арқасында қол жеткізілді. Жол саңылауы 500 мм-ге тең.
Жол талғамайтын көлік зауыттың өзі әзірлеген «Bipek Contact» телематикалық күзет-сервистік жүйесімен жабдықтандырылған. Соңғысын жасауға Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Жас мамандар кәсіпорыннан тек бірегей тәжірибе ғана емес, атаулы шәкіртақы да алады.
«АЗИЯ АВТО» компаниясының ақпараты бойынша, жыл соңына қарай «HUSKY» қарлы-батпақта жүретін көлігін сертификаттау және тұтынушыға ұсыну жоспарланып отыр. Жол талғамайтын көлік сондай-ақ, Ресей нарығында, өз желілерінің автоорталықтарында сатылатын болады.
Ақпарат пен фотосуреттерді «Азия Авто» ЖШС-ның баспасөз қызметі ұсынды