Ақтаулықтарды таяуда «Приморский» кенті ауданындағы жағалаудың қызыл түске боялғаны алаңдатты. Кейбіреулер мұны түсініксіз қоқыстар деп ойласа, кейбіреуі бұл осында келіп соғылған өзге планеталықтардың қаны деп шешкен. Шын мәнінде, барлығы әлдеқайда оңай болып шықты. Каспийде теңіз балдыры гүлдеген.
- Бұл жыл сайынғы құбылыс. Балдырлар жылына бір рет, қыс айларында гүлдейді. Балдырлардың 25-тен астам түрі бар, мысалы, лауренция, полисифонди, малибезия, олар қызыл реңк береді. Осылай көріну себебі – бұл өсімдіктер суы таяз жерлерде өседі, - дейді Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық – аналитикалық бақылау бөлімі басшысының м.а. Раушан Төлепова.