Шығыс Қазақстанның туризм индустриясы пандемия кезеңіне төтеп бере алды. Осы жазда Covid-19 аймақтың туристік базаларының ешқайсысында анықталған жоқ. Бұл туроператорлардың шектеу шараларына түсіністікпен қарағанына байланысты.
Талаптарға сәйкес, туристік нысандар тек 50%-ға толтырылды. Сонымен қатар, әрбір демалушының қолында ПТР-талдау анықтамасы болуы керек.
ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мәліметінше, облыстағы 437 туристік нысанның 281-і дайындық актілерін алды. Барлық базалар мен лагерьлер пандемия кезінде белсенді жұмыс істеп, пайда таба алды.
Осы күрделі уақытта ірі туристік нысандарды қаржыландырудың жалғастырылғаны маңызды. Алакөлде Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша жаңа ЭБЖ (2,4 млрд теңге), су құбыры (1,0 млрд теңге), Үржар ауылындағы әуежайды қайта жөндеу (1,6 млрд теңге) басталды. Жобалардың аяқталу мерзімі-2021 жыл.
Риддер қаласы мен Зайсан ауданында танымал туристік нысанға 707,0 миллион теңгеге ЭБЖ құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда.
Ал аймақтың ұлттық парктері үшін жұмсақ инфрақұрылым элементтері: көрсеткіштер, тақтайшалар, ақпараттық стендтер жасалды.