ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бəліш келді, бəліш аламыз»

2020-07-10 16:56
Егер Алакөл жағасында қарныңыз ашса, сізді «Бəліш тасушы» адам құтқарады. Оның «Бəліш келді, бəліш аламыз» деген дауысынан дұрыс тамақтанушы да, диета сүйгіш жанның өзі де қарап тұра алмайды.

Еділ Әнуарбекұлы Қанапин маусым ашылғанда – Алакөл жағасында, ал қалған уақытта елордада тұрады. Еңбекқор бəліш тасушы үш жыл қатарынан өз өнімдерін сата отырып, демалушыларды тамақтандырады. Бәліш сатқанға дейін Еділ Әнуарбекұлы жүргізуші болып жұмыс істеген. Мақсаты - пәтерге бастапқы жарна жинау. Айтуынша, арманына қазірдің өзінде қол жетті, сондықтан бәліш хикаясы осы маусымда аяқталды.

«Биылғы маусым әлсіз», - дейді ол. «Мүмкін бәрі пандемиядан қорқатын болар, бірақ меніңше, мұнда қорқатын ештеңе жоқ, көл емдік қасиетке ие».

Бәліш тасушының өз принциптері бар, емдік балшық сататын ұлдарға, өз тауарларын ұсынатын саудагерлерге бәліш 150-ден ұсынылады. «Өйткені олар жұмыс істейді», - дейді Еділ Әнуарбекұлы.

«Ал демалу үшін келгендерге бәліштер 200 теңгеден».

Мен дәм татқан ыстық бәліш қол шапалақтауға тұрады және таңданыс тудырады. Жақында 14 шілдеде атақты бәліш тасушы 61 жасқа толады және биыл оның бәліш тасушы ретінде еңбек өтілі аяқталады. Оған оның отбасы қуанышты, әрине, бүкіл Алакөлге танымал бәліштер пісіруге жанұясы көмектеседі. Көптеген бәсекелестер де қуанды. Себебі тауардың өтпеуі тек демалушылар санының аздығынан ғана емес, бәліш тасушының үлкен ынтасына да байланысты. Өйткені сата білу де өнер.

Әлия Ахметова
Фото автордыкі