Барлық жұмысты тастап, жаныңызға жақын адамдарды ертіп, көлікке қайық пен киім салынған сөмкені, тағам мен суды, ұйықтайтын дорба мен төсенішті салыңыз. Айтпақшы, ескектерді ұмытпаңыз.
Павлодардан Әйтімге қарай барыңыз, жағаға түсіп, қайықты үрлеңіз, алыс жолдың алдында жеңіл тамақтаныңыз және заманауи өркениеттен аз мерзімге шығуға, тіпті ұялы байланыстан ажырауға, шым-шытырық оқиғаға тап болуға және өзіңізді сынап көруге мүмкіндік беретін жолға шығыңыз.
Өлкетанушылардың айтуынша, Ертіс – Еуразиядағы ең ірі өзендердің бірі. Ол Қытай, Қазақстан және Ресей аумағы арқылы өтеді. Өзен Моңғол Алтайының мұздық беткейлерінен, Қытайдың оңтүстік-батысынан басталады. Ресейде шыққан белгілі бір ғылыми монографияның мәліметтері бойынша, Моңғолияда бұл өзенге құятын ағын бар, бірақ Ертістің жалпы бассейніне әсер етпейді, соған қарамастан, мұндай су артериясы төрт мемлекетке қатысты деп санауға болады. Ресей аумағында Ханты-Мансийск қаласының маңында Ертіс Обь өзенінің саласына айналады. Павлодар облысының аумағы бойынша өзен 720 шақырым бойымен ағады.
Ертіс бойымен ескекпен жүзгенде, өзіңіздің үрлемелі көлігіңізді қозғалту үшін арқа мен қолмен жұмыс жасауға тура келеді. Ол үшін қолғаптар болғаны жақсы, басы кесілгені тіптен керемет – жазда ыстық болмайды, сондай-ақ қолды сүйелден қорғайды. Спорттық емес қарқынмен болмаса да, біршама жылдам жүзгенде, жағалауда тамақтануды, пейзаждарға таңдануды, суретке түсуді санағанда, екі ескекті қайықпен шамамен күніне 30-35 шақырымды бағындырасыз.
Айтым ауылынан Павлодар қаласына дейінгі бағыт бойынша өзенде қызықты құстарды кездестіресіз, мысалы, ірі қара бақландар, шағала, ақ құйрықты бүркіттер және олардың өмірінен барлық көріністерді көресіз, айырқұйрықтар мен масалар да күтеді (өмір тым керемет деп ойлап қалмауыңыз үшін), қуатты электр желілері арқылы өтесіз, олардың қуат кабельдері Ертіс үстінен шамамен 15 метр биіктікте ілулі, көптеген жағажайлар мен каналдар, оның ішінде Ақсу қаласы орналасқан Белая өзені (оның жанынан өткенде "ЕЭК" АҚ электр станциясының түтін шығаратын жоғары құбырлары алыстан көрінетін болады), жаңа әдемі автомобиль-жегін көпірі, Павлодарға жақын жердегі Оңтүстік су құбыры, көптеген шағын, ірі кемелер, балықшылар және тағы басқаларды тамашалайсыз. Мұндай кішкентай саяхатта сіз жылу мен жаңбырға, үлкен толқынға, жел сияқты ауа райы құбылыстарына сыналасыз, мұның бәрі сіздің күшіңізді тексеруге мүмкіндік береді, тіпті мүмкін өзіңізді одан әрі құрметтей түсесіз.
Мұнда романтикаға да орын бар: қайықтағы әндер, оттың жанындағы кешкі ас, осындай саяхаттың арқасында жақынға айналған адамдар арасындағы әңгімелер, шатырда түнеу, кәтелде қайнатылған таңертеңгі кофе, бақалар хоры және балықтар – бұл жерде жетерлік.
Қалай баруға болады? Павлодардан Әйтім ауылына дейін автожолда 53 шақырым. Ол жерге сізді кез келген такси жүргізушісі немесе микроавтобус алып барады.Жақсылап келіскен жағдайда микроавтобусты 10 000 теңгеге, ал келісім онша болмаған жағдайда – 20 000-ға дейін жалға алуға болады.Одан артық төлемеңіз.
Ауылда қандай да бір жабдықталған суға қарай түсетін жер жоқ,бірақ ол үшін жағалау жеткілікті. Ертіске бұрынғы пионер лагерінің қақпасы арқылы баруға болады. Ал Павлодарда сіз, жалпы алғанда, әртүрлі жерлерде: жағалаудың қандай да бір учаскесінде, жағажайлардың бірінде, қайық станциясында теміржол көпірінен кейін тұрақтай аласыз, таңдау жеткілікті.
Антон Сергеев
Фотосурет авторы Надежда Майба