ЖАҢАЛЫҚТАР

Сиқырлы орын, таңғажайып...

2020-12-15 16:00
Павлодар облысында орманда жүз жылдыққа жуық мектеп ғимараты сақталған аса танымал емес орын бар. Мұнда қонақ үй тұрғыза отырып, барлық атмосфераны мұқият сақтап қалған: кітапхана, парталар, қабырғалардағы портреттер және ең қызықтысы – революцияға дейінгі жергілікті өмір туралы ескі балалар шығармалары. Сонымен қатар, мұнда  - ыстық, суық су, ванна бөлмесі, толыққанды монша бар, ал айналасында – қарағай орманы және басқа да қызықтар толып жатыр!


Павлодар облысы Шарбақты ауданының Садығашы (немесе Садықащы) ауылында 1926 жылы салынған бұрынғы мектеп ғимараты сақталған. Ол қазір қонақ үйге өзгертіп жасаған тарихи ескерткішке айналды.


Бұл мектеп бір де бір шегесіз ағаштан жасалған. Бірақ сонымен бірге, ол кір жуғыш машинасы бар заманауи асүймен жабдықталған, ал бұрынғы сыныптар қонақ үй бөлмелеріне айналды. Бұл таңғажайып жер туралы sayahatnews.kz сайтына Павлодарлық «Идеальный вариант» турфирмасының директоры Светлана Рогова айтып берді.


«Менің қашып кеткім келді. Байланыс, интернет, коронавирус жоқ жерге. Және мен ондай жерді таптым – маған мүлде таныс емес ауыл», - дейді Светлана.


- Мен 1926 жылы салынған, бұрындары мектеп болған үйге қоныстандым. Өмірде уақыт машинасы бар, тексерілген: боялған ағаш едені бар спортзал, классиктердің портреттері бар сыныптар, 1980 жылғы студенттердің шығармалары».



Светлана бұрынғы оқу орнының жанында сәнді заманауи монша салғанын айтты. Оның өзін, көптеген таңғаларлық жерлерде болған саяхатшыны айналада Шалдай орманы орналасқаны, ал мектептің жанында (жаяу жетуге болады) Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғибадат етушілер келетін Ғабдул Уахит хазреттің кесенесі болғаны қатты қызықтырған.


Қонақ үйдің иелері мұнда демалатын туристер үшін қысқы серуендерді, шаңғымен серуендеуді, қуырылған етті ұйымдастырады. Сұхбаттасушының айтуынша, мұндай орын бірегей болып табылады, өйткені мектеп сыныбында бірнеше жылдар бұрын дүниеден өткен оқушылардың шығармалары бар.


Бұл жерде бір кездері революцияға дейін орманмен айналысқан саудагердің мүлкі болған. Бірнеше жыл бұрын балалар сол оқиғаларды көрген адамдардан, әжелерден сұхбат алып, шығарма жазған. Бұл шығармалар жай ғана дәптерлерде сақталады. Сіз жай ғана сыныпта отырып, оларды оқи аласыз. Оқи отырып,  шынайы оқиғаны сезінесіз. Өте қызықты орын!


«Мен осы ескі үйдің тыныштығында өмірде жоқ адамдардың қолжазбаларын оқыдым. Мен олардың өмірін өзімнен өткіздім: олармен бірге егін егіп, жер жыртып, қиялымда орман отырғыздым. Содан кейін кішкентай бөлме тауып алдым, ол кітапхана еді.


Кітап сөрелерінде балаларға кітапты қалай оқу керектігі туралы ұсыныстар жарияланған. Бұл адамдар қайда? Неге бұларды ешкім көрмейді? - Светлана эмоцияларымен бөлісті.


- Мен сол жерден «Қазақстан тарихын» - 1967 жылғы баспаны таптым".


Туристік агенттік басшысының айтуынша, бұл нағыз таза табиғат бар, тарих қазіргі заман мен прогресс біріккен және жолдары жоқ жалғыз жер. Ескі ғимараттың ерекше рухы сақталған, бірақ сонымен бірге қазіргі заман талаптары бойынша көп нәрсе жасалды.


Мысалы, сыртқы жағынан қарапайым бөрене үйіне ұқсайтын нәрсе – бұл  ыстық және суық суы бар заманауи монша. Қонақ үйдің өзінде дәретханалар, қолжуғыштар, кір жуғыш машина бар. Сондықтан турист тарихи жерде болса да, жайлылықты жоғалтпайды.


Бұл жанды салып жасалған және тыныштық, табиғатпен бірлік атмосферасы бар орын.
«Жарқын, білімді, ақылды адамдармен таныстым. Олармен болған әңгімеден кейін ұзақ уақыт өмір сүремін. Мен Шалдай ормандарының мөлдір, таза ауасын шелектеп жұттым.


Жаңа сауылған сүт, ыстық нан, қарақат, бұлақ суы - осының бәрі менің жанымның дәмді дәрісі болды, - деп еске алды С.Рогова. - Мен бәріміз ақыл-ой және физикалық жағынан сау боламыз деп сенгім келеді. Өзімнен бастайтын боламын.

Антон Сергеев
Фотосурет авторы Светлана Рогова