3-БӨЛІМ
Павлодар - күндіз де, түнде де серуендеуге, демалуға жағымды қала. Егер сіз кез келген мезетте уақыт өткізуге ыңғайлы жерлерді білсеңіз, тіпті керемет. Олардың бірі - Ертіс өзенінің жағалауы. Мұнда, күндізгі ыстық саябырлағанда, жүздеген әдемі оттар жағылады, жұмыс күнінен шаршаған отбасылар демалады, ғашық жұптар кездеседі, саксофон мен гитара үні естіледі… Эх, неткен романтика!