Павлодар облысында баянауылдық көрнекі жерлерге апаратын жолдарды жаңартты
2020-09-22 14:30
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристердің сүйікті демалыс орны болып саналады, онда көптеген киелі орындар, үңгірлер, төрт ірі көл бар, олардың ішіндегі ең әдемісі Жасыбай деп аталады. Әсем жерлерге көлікпен жиналған саяхатшылар мұндағы жолдардың сапасы туралы ойланады. Жақында олар одан да жақсы бола түсті!
«Жалпы Баянауалға дейінгі жол жақсы, 2018 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүрді, тек 33 км аумақ аяқталмай қалды. Қазіргі уақытта жолдың он шақырымы күрделі жөндеуден өтуде», - дейді sayahatnews.kz журналисіне Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы Павлодар қ. филиалының директоры Талғат Қайратхан.
- Биыл киелі мекен Қоңыр әулие үңгіріне ұзындығы тоғыз шақырым ұсақ тасты жол төселді. Бұл туристер жиі баратын орын және олардың ыңғайлылығы үшін бәрі жасалады: бұрынғыдай тастар арасымен, жолсыз жермен жүру қажет емес. Сонымен қатар, Торайғыр көліне апаратын жолға орташа жөндеу жүргізілді».
Ведомствода атап өткендей, енді бұл қасиетті жерге - өте үлкен төбеде орналасқан Қоңыр әулие үңгіріне апаратын жолға енді арнайы баспалдақпен көтерілетіндей жеңілдетілген.
«Демалуға, балық аулауға және табиғатты қызықтауға келушілер көбінесе тамаша орын Торайғыр көлін таңдайды. Осы жазда көлге апаратын жол жаңа көрініске ие болып, барынша жайлы бола түсті, - деп атап өтті Ұлттық орталық филиалында. - Ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын, көлге апаратын жолға орташа жөндеуді «№ 7 Монтаждық басқармасы» ЖШС мердігерлік ұйымы орындады.
Сонымен қатар, Баянауыл ауданында ұзындығы 16,6 шақырымдық жолдың үлкен бөлігі - Торайғыр ауылына кіреберіс жөнделді, деп хабарлады ақпарат көзі. Бұл жұмысты «Гордорстрой» ӨКФ ЖШС мердігерлік ұйымы суық ресайклинг әдісін қолдана отырып жүргізді. Енді автоәуесқойлардың қуанышына орай, жол асфальтталған, нақты жол белгілері бар және пайдалануға берілген. Осы үш нысанның сапасын Павлодар облысы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы бақылап отырды. Оның мамандары жөнделіп жатқан жолдарға бірнеше рет шығып, орындалған жұмыстардың жобалық құжаттаманың талаптары мен нормаларына қатаң сәйкестігін тексерді.
Қалай жүріп өтуге болады? Павлодар қаласынан Баянауыл кентіне дейінгі қашықтық - 224 шақырым. Павлодардан Торайғыр ауылына дейін -190 шақырым. Баянауыл мен Торайғырдың арасы-30 шақырым. Автобуста жол үш сағатқа созылады.
Антон Сергеев Фотосуреттерді ұлттық жол активтері сапасы орталығының Павлодар филиалы ұсынды