ЖАҢАЛЫҚТАР

Мыңжылдық Мәжрәтүт ағашы қайда өседі?

2020-10-27 13:55
Түркістан облысында өңірдің туристік әлеуетін зерттеуге арналған экспедиция аяқталды. Жоба қатысушылары саяхатшыларды ғасырлар бойы қызықтыратын біршама ерекше құбылыстарды тапты. Оның бірі – Мәжрәтүт ағашы!


 «Түркістан қаласының маңындағы Қарнақ ауылында мыңжылдық Мәжрәтүт тұт ағашы бар. Жергілікті тұрғындар оның 1200-1300 жаста екенін айтады. Ағаштың шын мәнінде қанша жаста екені маңызды емес, себебі ол өзінің көлемімен таң қалдырады», - дейді экспедиция барысында Түркістан облысының көрнекі жерлерінде болған «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі.


Саяхатшылардың айтуынша, Мәжрәтүт ағашының діңгегі үлкен және екі бөлікке бөлінген. Бұл тұт ағашы ежелгі мазардың аумағында орналасқан, бұл туралы келесі посттарда айтамыз.


Түркістан оазисінің туристік әлеуетін зерттеу жобасы 15-22 қазанда Түркістан облысының туризм басқармасының тапсырмасы бойынша «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.


«Ол үшін туризм өкілдерінен, археологтар мен тарихшылардан тұратын топ құрылды, олар сегіз күн ішінде Түркістан қаласынан 100-150 шақырым радиуста ықтимал қызықты тарихи-мәдени және туристік объектілерді зерттейді, - деп хабарлады экспедицияны ұйымдастырушылар. - Жобаның мақсаты тарихи-мәдени объектілерді, оның ішінде аз зерттелген Түркістан оазисін анықтау, олардың ағымдағы жағдайын бағалау, оларды паспорттау, сондай – ақ, Түркістан оазисінің туристік маршрутына енгізе отырып, агро-және этнотуризмнің әлеуетті объектілерін анықтау болып табылады».

Қалай жетуге болады? Түркістан қаласынан Қарнақ ауылына дейін – 26  шақырым. Көлікпен жарты сағаттан аз уақытта жетуге болады.

Антон Сергеев
Суретті «QazaqGeography» РҚБ ұсынды