Бұл танымал Берел қорғаны. Ол ШҚО Катон-Қарағай ауданында орналасқан. Бұл жерде сақтар көсемдерін жерлеген. Бұл жерде алғаш рет ресейлік ғалым Василий Радлов болған. 1864 жылы қазба жұмыстарына кірісті.
Алқапта 100-ден астам оба орналасқан. Олардың 30-дан астамы зерттелді. Әлемдік ғылым үшін 1998 жыл үлкен жаңалыққа толы болды. Қазақстандық археолог Зейнолла Самашев ірі экспедицияны басқарды. Бірнеше елден келген ғалымдардың жолы болды. Олар тоналмаған қорғандарды ашты.
Археологтар 3 мың жылдан астам тарихы бар заттарды көрді.
Қорғаннан 13 жирен ат табылды. Сақтар отқа табынған, ал жирен түс осыны бейнелейді. Арғымақтардың басынан балтамен соғып өлтірген.
Жылқылардың басындағы мүйіздер арқарларды білдіреді. Дәл осы жануарлар құрметті көсемді аспанға алып кетеді деп сенген.
Қабірде қарт әйел мен жас ер адамның денесі табылды. Генетиктер бұл көсем мен оның анасы екенін анықтады. Әйелді ұлынан кейін біраз уақыт өткен соң жерленген.
Қабірде қарт әйел мен жас ер адамның денесі табылды. Генетиктер бұл көсем мен оның анасы екенін анықтады. Әйелді ұлынан кейін біраз уақыт өткен соң жерленген.
Сақтар арасында шебер қолөнершілер, көзешілер мен зергерлер де болды. Алтын әшекейлер аң стилінде жасалған.
Бұл – жүгірген барыстар, бұғылар, бұландар. Ғалымдар әрбір тайпаның тотем-жануары болған деп санайды. Грифон тірі мен өлі әлемдері арасындағы жануар болып саналды. Бұл қиял-ғажайып жаратылыстың мүсіндері патша қабірлерінде жиі кездеседі.
Сақ және көне мысырлықтардың жерлеу рәсімдері көбіне ұқсас келген. Өлген адамның басына арнайы жастық төселді. Сақтарда - балқарағайдан, ал мысырларда мәрмәрдан жасалған.
Сақтар бальзамдау тәсілін де білген. Бақилық болған адаммен қоштасу 40 күнге созылды. Қоштасу үшін денені барлық тайпаларды аралап алып жүрді.
Қорған үстіне міндетті түрде пирамида орнатылды. Тастар жабынқын принципі бойынша орналасқан. Су науалар арқылы қабірге түсіп, мәңгілік тоң пайда болады. Тіпті жылқының асқазанынан балғын шөп табылды.
Археологтар бұл ежелгі халықтың құпиясын біртіндеп ашуда. Сақтардың өмірін Берел мұражайының аумағында көруге болады. Бұл көшпелі өркениеттің ауқымдылығына таңдай қағасыз.