ЖАҢАЛЫҚТАР

Арбат – қалалықтардың сүйікті орны

Бұл – Өскеменнің ең кіші әрі ең әдемі көшесі. Жақында оған 1 жыл толады. Аз уақыт ішінде Арбат қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды. Шағын жерге көптеген қызықты архитектуралар сыйып кетті. Енді мұнда шынымен де қызықтап көруге тұрарлық заттар бар.
Бұрын бұл жерде қарапайым жүргіншілер өтетін жол бөлігі мен қабырғалары тозған үйлер ғана болатын. Тұрғындар көшенің жаңа леп алуына үзілді-кесілді қарсы болды. Бірақ қазір шешімнің дұрыстығына ешкім күмән келтірмейді.


Арбат екі қала саябағын біріктірді. Көше толықтай жаяу жүргіншілерге арналды. Мұнда шамдар, демалыс орындықтары, шағын сәулет нысандары мен ойын алаңдары орнатылған. Негізінен ашық түстерде жасалған.


Арбаттың ерекшелігі – екі құрғақ субұрқақ. Ағын тікелей жерден атқылап, кенеттен жоғалып кетеді. Сырттан бұл өте әсерлі көрінеді.


Бұл көшені қала қонақтарына ұялмай көрсетуге болады. Бұл жерде естелік суреттер жасау үшін көптеген орындар қарастырылған.



Әзірге жергілікті Арбаттың мәскеулік ағайынындай суретшілер мен музыканттар жаппай келетін орынға айналмағаны өкінішті. Алайда, өскемендіктер «1 жас әлі сәбидің жасы» деп әзілдейді. Жыл өткен сайын мұнда өнерлерін ашық аспан астында таныстыратын жандардың жеке шығармашылық орталығы пайда болады.

Автор: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов