2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша аймаққа келген туристер саны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,4%-ға артып, 54 601 адамды құрады.
Облыста шамамен бір жарым мың нөмірлік 107 орналастыру орны бар.
Республикалық туристік картаға Қызылорда облысынан 3 туристік нысан енді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Бұл ретте, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру туристік картаның ТОП-10 нысанына енгізілген.