Айдынды Алакөл - шығыстың басты туристік бренді. Ресми түрде суға шомылу маусымы - 13 маусымда ашылды. Алайда карантин уақыты кезінде Алакөлде демалу тəртібі қандай болмақ?
Ең алдымен, короновирустық инфекцияны таратпау мақсатында мониторинг тобы құрылды. Бүгінгі күнге дейін ашылған 170 демалыс үйлерінің 140 (80,0%) туристерді қабылдауға рұқсат актісін алып, туристерді қабылдауда. Қалған 30-ы (17,1%) - санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік сақтау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Бұл туралы Sayahatnews.kz сайтының журналистеріне Үржар ауданының əкімдігі мəлімдеді. Сонымен қатар, 10 кафе, 2 дәріхана, 1 медициналық пункт, 16 дүкен жұмыс істеп тұр. Биылғы маусымда 650 төсек-орынға арналған қосымша 10 жаңа демалыс үйі жазғы маусымға дайын, олардың ішінен 9 демалыс базасы туристерді қабылдауға рұқсат актісін алып, жұмыстар жүргізуде.
Келетін туристер үшін КВИ-ге экспресс-тест жүргізу үшін күн сайын жылжымалы медициналық пункт қызмет атқарады. Бүгінгі таңда 375 турист экспресс-тест анықтамасын алды.