Біз («Авалон» тарихи-географиялық қоғамы) туристік карта-схемалар мен жолсілтерлер жасаумен он жылға жуық уақыт айналысып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстан бойынша да, Орталық Азияның басқа елдері бойынша да жұмыс істедік, - дейді sayahatnews.kz сайтына берген сұхбатында «Авалон» президенті Виталий Шуптар. - Көбінесе бұл қызметті біз экологиялық туризмді дамыту бойынша қандай да бір жоба аясында жүзеге асырамыз. Мысалы, қазіргі уақытта біз ұлттық парктің аумағында жалпы туризмді дамытумен айналысып, Бұйратау картасымен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, туризм мен саяхат туралы біз жақсы білеміз, өйткені біз бұл салада ұзақ және тиянақты жұмыс істеп келеміз.
Виталийдің пікірінше, қазақстандық туризмнің басты мәселелерінің бірі - адамдардың басым көпшілігі ненің қайда орналасқанын білмейді. Егер қазақстандықтардың өздері елде қандай қызықты жерлер бар екенін жақсы білмесе, шетелдік туристер мұндай ақпаратқа ие болмайды. Сонымен бірге, ауылдық аймақтардағы жергілікті тұрғындар туристерді қабылдау және оларға түрлі қызметтер көрсету арқылы ақша таба алатын еді, алайда сол табыстан айрылуда. Сонымен қатар, ең танымал екі-үш жерді қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туристердің көптігімен мақтана алмайды. Мұның бәрі, В.Шуптардың пікірінше, табыстан айрылу және іске асырылмаған мүмкіндіктер. Сондықтан туристерді қандай да бір жолмен "байлап тұру" керек, тіпті адамдар аймақта тиісті бизнестің пайда болуына өз үлестерін қосуы керек. «Авалон» қоғамы жасап шығаратын туристік карталар, оның пікірінше, осыған орай тамаша құрал.
- Картамен жұмыс жасай отырып, біз туристік нысандардың шолу карталары, қалалар мен ауылдардың жоспарлары, маңызды учаскелердің егжей-тегжейлі карталары, көрнекті орындар туралы танымдық ақпарат, көптеген практикалық ақпарат (қону орындары, көлік және т.б.), сондай-ақ басқалар біріктірілген шағын нұсқаулыққа өте ұқсас нәрсе жасауға тырысудамыз. Яғни, біздің баспа өнімдеріміз тек қайда және қалай бару керек деген сұрақтарға ғана жауап бермейді, сонымен қатар не үшін бару керектігін де айтады, - деп жалғастырды сөзін «Авалон» президенті. - Біз әрқашан тек баспа құралдарымен шктелмей, негізгі веб-картографиялық жүйелерде (Google Maps, OpenStreetMap, Wikimapia) аумақты мүмкіндігінше қосуға тырысамыз. Егер бәрі жақсы қалыптасса (мысалы, Ұлытаумен болған жайдай тәрізді), онда біздің карта - болашақта сол аймақ бойынша толыққанды туристік жолсілтеме (яғни кітаптар) жасау жолындағы аралық пункт болып саналады.
2016 жылы Қазақстанның барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, ең алдымен оның ұлттық парктері мен қорықтары бойынша карталарды жасау идеясы ойға келді, өйткені олардың аумағында туристік объектілердің басым көпшілігі,табиғи және тарихи объектілер орналасқан. Содан кейін Шуптар мен оның пікірлестері қаражат іздей бастаған.
- Соңында, мұның бәрі Қазақстандағы АҚШ елшілігі қолдаған екі жылдық «Картография Қазақстандағы экотуризмді дамыту құралы ретінде» жобасы болып қалыптасты, онда бізге алты өңірмен шектелуге тура келді, олардың бірі Жоңғар Алатауы болды. Өкінішке орай, жоба шеңберінде біз тек екі картаны (2018 жылдың күзінде шыққан Солтүстік Арал өңірі мен Қарқаралы) әзірлеп, жариялап үлгердік, ал қалған төртеу бойынша жұмыс объективті сипаттағы техникалық қиындықтарға байланысты аяқталмады: грантты рәсімдеу кезеңінде жасалған қате (бізден кетпеді) анықталды, осыған байланысты грант автоматты түрде тоқтатылды, - дейді карталарды шығару бастамашысы. - Сол кезде біз Жоңғария, Кенді Алтай, Сайрам-Өгем және Көкшетау өлкесінің жартылай дайын карталары бойынша жұмысты аяқтау үшін демеушілер іздей бастадық. Мұндай меценат (ол атын жарыққа шығармауды жөн көрді) табылды. Соның арқасында 2020 жылы Жоңғар Алатауының картасы бойынша жұмысты аяқтадық.
Виталий Шуптардың айтуынша, осы нақты картаны жасауға шамамен үш миллион теңге жұмсалған. Неліктен алты жобалық аймақты анықтау кезінде таңдау Жоңғарияға түсті?
- Біріншіден, Бұл аймақ салыстырмалы түрде оңай қол жетімді, мысалы, алматылық туристер арасында ешқашан танымал болған емес. Көптеген адамдар Бурхан-бұлақ сарқырамасы, Лепсі балы, Ешкіөлмес жартас суреттері және ежелгі Қойлық қалашығы туралы естіді, бірақ оның қайда екенін біршамасы білмейді. Екіншіден, Жоңғар Алатауының бөктерінде бұрын іске асырылған және қазіргі уақытта жергілікті қауымдастықтарға негізделген туризмді дамыту бойынша түрлі жобалар іске асырылуда, және осындай бастамаларды әрдайым қолдағым келеді, - дейді Виталий.
Ол сондай-ақ жақсы карталар үйде жасалмайтынын айтты. Сапалы басылымды алу үшін аумақты өз көзіңмен көру керек, жүріп өту керек, тіпті бірнеше рет өтсе – одан да жақсы. Оның өзі 2012 жылы Жоңғарияда болған, сондықтан оның ұжымы қай жерде жұмыс істеу керек екенін шамамен біліп жүрген.
- Бірақ біз 2018 жылдың жазында аймақпен сапалы түрде танысып, онда шағын экспедиция ұйымдастырдық, оның аясында ең қызықты жайттарды көруге тырыстық. Бұған бізге Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің басшылығы мен қызметкерлері белсенді түрде көмектесті (олардың кейбіреулерімен біз жақсы дос болдық және алдағы сапарларда тағы да кездесеміз деп үміттенемін), - деп өз ойымен бөлісті сұхбаттасушымыз. - Тек сол жерде сіз белгілі бір туристік объектінің құндылығын және оған апаратын жолдың нақты сапасын шынымен көре аласыз; тек жеке кездесуден кейін сіз өзіңіздің картаңызда көрсететін (және, тиісінше, ұсынатын) адамдар мен компанияларды бағалай аласыз. Ал, қашықтықта мүлдем сезіну мүмкін емес нәрселер бар – Лепсі мен Тополевка балдары мен бал тамшылары, сондай – ақ әйгілі Сиверс алма ағашының жемістері - барлығының дәмін татып көру керек.
Жоңғария жағдайында картамен жабылған аумақ өте үлкен болды, - дейді саяхатшы. Оның пікірінше, бұл «Авалон» жасаған ең қиын карта деп айту артық етпейді. Бірақ бұл өздеріне тағы бір сабақ болды: «сіз бәрін өзіңіз жасай алмайсызә, бұл жағдайда сенімді серіктестер, сондай-ақ кеңесшілер іздеуіңіз керек. "Авалон" қоғамына карта жасауға көп көмектескен ұлттық парк қызметшілерінен басқа, тағы бір құнды кеңесші – «ACT Kazakhstan» туристік компаниясының өкілі Анатолий Савичев болды, ол Виталийдің айтуынша, Жоңғарияны түгелдей аралап шыққан. Бір сөзбен айтқанда, жақсы карта жасау - әдетте, ұжымдық жұмыс, - деп мойындайды картограф.
- Жоңғария бойынша біздің жұмысымыз осымен аяқталмайды деп үміттенгім келеді. Мысалы, біздің картамызда ұлттық парктің аумағына басты назар аударылды, сондықтан Батыс Жоңғарияны жарыққа шығару, менің ойымша, толықтай жасалмады. Қора мен Көксу алқабын қамтитын таулы елдің батыс бөлігінде, сондай - ақ Капал, Баянжүрек, Ешкіөлмес және т.б. жақын жерде орналасқан картаны бөлек және толығырақ жасау идеясы бар, - дейді ол. -Ал басқа өңірлерге келетін болсақ, біз әлі де Сайрам-Өгем, Көкшетау және Кенді Алтай карталары бойынша жұмыстардың аяқталуын қолдай алатын демеушілерді күтеміз.
Антон Сергеев
Фотосурет авторы Виталий Шуптар