Тиісті қаулыны Үржар ауданының бас санитарлық дәрігері шығарды. Құжатта бүгінгі күннен бастап туристік-рекреациялық аймаққа демалушыларды қабылдау тоқтатылған, бірақ 23 шілдеге дейін келгендерге демалыс базаларында жолдама мерзімі аяқталғанға дейін қалуға рұқсат берілген.
Полиция қызметкерлеріне Алакөл көліне кіре берісте кезекшілік ету, көлге апаратын автожолдардағы мобильді бекеттердің жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ күн сайын жағалауды бақылау тапсырылды.
Қаулы меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауына міндетті.
Шектеу режимінің аяқталу мерзімі қаулыда белгіленбеген. Бас санитарлық дәрігер коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайды тұрақтандыруға байланысты шектеу мерзімдері өзгертілуі мүмкін екенін анық көрсетті.