ЖАҢАЛЫҚТАР

Айдынды көл -  Алакөл

Алакөл жағалауындағы туристік базалар демалушыларды қабылдайтын болады. ШҚО бас санитарлық дәрігері Үржар аудандық әріптесінің шулы қаулысының күшін жойды.

Еске сала кетейік, демалуға тыйым 23 шілдеден басталуы керек еді.

Құжат қонақ үй иелері мен демалушылар арасында таңданыс тудырды. Кəсіпкерлер тіпті ел Президентінің атына хат жазуға мәжбүр болды. Олар ойланбай қабылданған шешім туризм саласы үшін ауыр әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін екенін айтты. Осы маусымда пандемияға байланысты демалушылар санының күрт төмендеуі байқалады. Кейбір демалыс базалары тоқтап тұр, себебі қызметкерлерге жалақы төлеуге жағдай жоқ. Клиенттерді қалай да тарту үшін кәсіпкерлер жолдама бағасын төмендетуге мәжбүр. 23 шілдеден 3 тамызға дейін туристерді қабылдауға толық тыйым салу базалардың көптеген иелерін банкротқа ұшыратуы мүмкін еді.

Енді қазақстандықтар курорттық аймаққа барып демала алады, алайда отбасы мүшелерінің бірі ПТР-тестінен міндетті түрде өтуі қажет. Бұдан басқа,  демалу орындарына орналастыру жобалық сыйымдылықтың 50%-ынан аспауы тиіс. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию режимі және үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр және бір үстел басында отыратын орындар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады.