ЖАҢАЛЫҚТАР

Өткенге оралу

18 ғасырдың соңына тап болғыңыз келе ме? Онда сізге Шығыс Қазақстан облысының Быструха ауылына бару керек. Мұнда алғашқы қоныстанушылар тұрғызған үйлер сақталған. Айта кетерлігі, тамдар әлі күнге жарамды жағдайда.

Балталар бұл жерде 1790 жылы қағыла бастады.  Шаруалар жерді жақсы таңдаған. Ауылдың маңында орман, өзен, тіпті шағын көлшік бар.



Алғашқы қоныстанушылар – «поляк» түріндегі діндарлар. Бірінші Петр кезінде қудалаудан Польшаға қашқан. Екатерина жікшілдерді кешіріп, тіпті оларға жаңа жер берді.



Ленин көшесі – Быструхадағы ең ұзын көше. Бұл жердегі үйлердің көпшілігіне шамамен 100-200 жыл болған.



Ескілік көлеңкесі тас төсеу және оюлау әдісінен көрінеді. Алайда, ескі дәстүршілер сыртқы әдемілікке баса назар аудармаған.




Сол заманда құрылыстык сапалы болғанын үйлердің жағдайына қарап білуге болады. Аздаған жөндеу жұмыстарынан кейін мұнда тұруға әбден мүмкін.




Кейбір үйлер аздап қисайып, шөккені болмаса, кірпіш немесе қождан жасалған ағаларынан асып түседі.




Бұл ағаш сәулет өнерін кез-келген уақытта тамашалай аласыз. Ең бастысы – Өскеменнен  Быструхаға дейін бар-жоғы 65 шақырымды еңсеру. Ал, ең ескі көшені сұрасаңыз, кез-келген Быструха тұрғыны ауылының мақтанышын көрсетеді.

Автор: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов