ЖАҢАЛЫҚТАР

Аралар әлемді құтқарады

Шығыс Қазақстанда жаһандық жылынуды бақылауға байланысты GIZ бірлескен жобасы іске асырылуда. Оған қазақстандықтардан басқа, неміс әріптестер де қатысуда.

Мамандар аралардың бет алысына қарай температураның өзгеруін бақылауға ниетті. Бұл жәндіктер климаттың өзгеруіне өте сезімтал екендігі бұрыннан белгілі. Тәжірибе үшін Верх-Уба ауылына (Өскеменнен 80 шақырым жерде орналасқан) 100 ара ұясы жеткізілді. Олар жергілікті омарташыларға тегін берілді.



Жалғыз шарт - жәндіктердің іс-әрекетіне қатысты барлық мәліметтер арнайы күнделікке жазылуы керек. Ғалымдарды мына заттар қызықтырады: аралар омартасы бал жинауға қаншалықты ерте ұшты, олар қыстауға қашан дайындала бастады? Мұның бәрі өсімдіктердің өсіп-өнуіне байланысты өзгерістерді бақылауға көмектеседі.


Соңғы мәліметтер бойынша, жергілікті флораның көптеген өкілдері гүлденуді әдеттегі күндерден әлдеқайда ертерек бастайды. Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстандағы ауа температурасы 2030 жылға қарай 1,7°с – қа, ал 2085 жылға қарай 3,2°с-қа артуы мүмкін, бұл адам өмірінің барлық салаларына сөзсіз әсер етеді. Мысал ретінде ғалымдар ШҚО-да жүгерінің өнімділігі гектарынан 30-дан 56 центнерге дейін өскенін айтады. Бір жағынан, бұл жақсы. Бірақ біртіндеп аймақтың күрт континенталды климаты тропикалық климатқа жақындауы мүмкін. Барлық салдарымен бірге келеді: тайфундар, нөсер жаңбыр мен су тасқыны.


GIZ жобасы экспериментке қатысатын елдердің үкіметтеріне нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс. Егінді жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығында қандай шаралар қолдану керек? Қандай ғимараттар салу керек? Қандай жаңа аурулар пайда болуы мүмкін және олармен қалай күресуге болады? Қазақстаннан басқа Орталық Азияда мұндай бақылаулар Қырғызстан мен Тәжікстанда да жүргізіледі.

Авторы: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов