ЖАҢАЛЫҚТАР

Екінші Юрмала

Алакөлде Юрмалаға ұқсас танымал музыкалық байқау пайда болуы мүмкін. Келесі жылы мұнда ашық аспан астындағы Alazone Arena  сахнасы ашылады, онда төрт мыңға жуық орын қарастырылған. Дәл осы жерде эстрада жұлдыздарының қатысуымен Халықаралық музыка фестивалін өткізуге болады.

Алакөл аймақтағы нөмір бірінші туристік хаб болып қала береді. ШҚО әкімі Даниал Ахметов жағалауды дамыту жоспарларымен бөлісті.

Оның айтуынша, инфрақұрылымға шамамен 10 миллиард теңге салынған. Алдағы 4 жылда инвестициялар екі есеге артады.

Жыл сайын жағалауда шамамен 13-15 жаңа демалыс үйлері, туристердің ойын-сауық және тамақтану нысандары іске қосылады. Жыл бойғы маусымды ұйымдастыру перспективалары қарастырылуда.

Алакөлдің жағасында өз ісін ашқысы келетіндер үшін жаңа құрылыс аймағы анықталды, оған барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылады. Бұл 60 гектар инвестициялық алаң болып саналады, онда заманауи жайлы қонақ үйлер салу жоспарланған. Барлық жер учаскелері кейіннен сатып алу құқығымен инвесторларға жалға берілетін болады.

Жағалауды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа желілері жалғануда. Ал электр энергиясының тапшылығын шешу үшін жоғары вольтты желі салынып жатыр.

Бүгінде логистика толық қамтамасыз етіліп, әуе және темір жол бағыттары субсидиялануда. Үржар ауылындағы әуежайды қайта жөндеу жұмыстары басталды. Жақын арада әуе айлағы Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Embraer EMB 120ER үлгісіндегі ұшақтарды қабылдап, жолаушылар ағынын 30 мың демалушыға дейін арттыра алады.

Орташа алғанда, қазір туристік аймаққа жылына 600 мың турист келеді, бұл санды миллионға дейін арттыру жоспарлануда.

Автор: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов