ЖАҢАЛЫҚТАР

Туристерге ыңғайлы болуы үшін

Павлодарда белсенділер белсенділер туристер мен қала тұрғындарына көрікті жерлерді нұсқайтын бағандарды орнатуға қаражат жинауды бастады. Бұл идея Павлодар география үйіне тиесілі әрі оған «Десента» қоғамдық қоры smartpavlodar.kz интернет-платформасында қолдау білдірді. Мұндай жоба краудфандинг арқылы, яғни әлем бойынша: бір еріктіден – 500 теңге, екіншісінен – дәл солай, үшіншісінен -  2000 теңге және т.б. қаражат жинауды көздейді. Бастамашының есептеуі бойынша барлығы бір миллион 400 мың теңге қажет.


География үйінің мүшелері Павлодар көшелерінде қала тұрғындарына немесе туристерге қызықты орындардың бағдарларын жасауды және орнатуды ұсынады. Металдан және ашық бояулардан жасалған нұсқаулықтар  Павлодардың көрнекті,  пайдалы  орындарының атаулары мен оларға дейін қанша метр немесе километр қашықтық бар екендігі  туралы ақпарат қамтылған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жазулардан тұратын болады. Мысалы: «Ж.Аймауытов атындағы Қазақ муздрамтеатры – 2 км», «Благовещенск кафедралды соборы – 500 м».

Жоспар бойынша көрсеткіштер орталық көшелер мен шет жақтарда, тротуарлар мен саябақтарда тұруы керек. Бағдарлар театрларды (Ж.Аймауытов атындағы қазақ муздрамтеатры, А.Чехов атындағы орыс драма театры), мұражайларды (Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы, көркемөнер мұражайы, «Ертіс» жаратылыстану тарихы мұражайы, т.б), қызықты кітапханаларды (С.Торайғыров атындағы олбыстық, П.Васильев атындағы қалалық орталық кітапханалар), стадиондар мен спорт кешендерін (Орталық стадион, «Астана» мұз сарайы, «Спорт-Сити» және т.б.), ерекше үйлер (сағаты бар поштамт, Сәтбаев-Торайғыровта орналасқан «мес қарын үй», «Қазақстан» қонақ үйінің артындағы «қалпақ», «Қытай қорғаны», Малайсары батыр көшесіндегі «СССР» әріптері жазылған төрт үй, көне ғимараттар (бұрынғы телеграф конторасы, Сорокин көпестің үйі, «Левадия» қонақ үйі және тағы басқалары), әдемі саябақтар (Жағалау, қалалық саябақ, «Қаздардың ұшуы» ескерткіші мен оның саябағы), ескерткіштер мен мүсіндер (пошта үйі маңындағы Қ.Сәтпаевқа, көркемөнер мұражайындағы, №8 мектеп-лицейдегі қаза тапқан полиция қызметкерлеріне, саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткіштер, т.б.), тарихи немесе жай ғана қызықты орындар (Рерих экспедициясы туралы мемориалды тақтасы бар өзен вокзалы, орталық құтқару станциясындағы теңіз минасы, революционер Тепловтың қайтыс болған жері, 19 ғасырдағы ескі гидропост, Орталық әмбебап дүкен жанындағы «қызуөлшіегіш»), діни объектілер (М.Жүсіп атындағы мешіт, Ақ мешіт, Благовещенск кафедралды соборы, католик шіркеуі, синагога, қаланың протестанттық приходтары), вокзалдар, үлкен жанармай құю станциялары, әуежай, үш көпір, ірі сауда орталықтары (ОӘД, «Батыр молл», «Артур», «Квазар).

Стендтер, қаражат жинайтын еріктілердің пікірінше, әр объект туристің көңілін қалдырмауы үшін шынымен қызықты нысандарды көрсетуі керек. Әйтпесе, қала қонағы басқа белгілерге сеніп, ермейді! Осы көрсеткіштерге объектілерді мұқият іріктеу керек. Планшеттерде объектілердің атаулары және оларға дейінгі қашықтықтан басқа артық ақпарат болмауы тиіс!


Оның пайдасы қандай? Біріншіден, және интернеттің болуына немесе болмауына тәуелді мобильді қосымшаларды шарлаудың қажеті жоқ . Екіншіден, бұл облыс орталығына эстетика қосады. Үшіншіден, Павлодар тұрғындарының өздеріне көбірек білуге және туған қаласының қызықты жерлеріне жолды есте сақтауға мүмкіндік береді.

Олардың түр-түсі қандай болуы керек? ПавГео белсенділерінің пікірінше, вандализмдік әрекеттерге төзімді болу үшін көрсеткіштер металдан жасалуы керек. Мазмұн бөлігі жарқын екі түсте жасалуы керек, бірақ түрлі-түсті және қызықсыз болмауы керек. Көрсеткіштер жол белгілері мен жарнаманы бөгемеуі тиіс. Олар өте қажет, бірақ қаладағы басқа белгілерден маңызды емес. Қала бойынша барлығы 20 (жиырма) бағанды орналастыру көзделуде.

Антон Сергеев
Суретті жоба авторлары ұсынды