Азаматтар аталған бағытқа сатып алған билеттерін кері қайтарып, қаражаттарын толық көлемде ала алады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀ Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. ⠀ Шешім Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің және мемлекеттік комиссияның өкімімен қабылданған. ⠀ «2020 жылдың 13 шілдесінен бастап «Атырау – Нұр-Сұлтан» («Нұрлы жол») № 47/48 жолаушылар пойызы Атырау қаласынан, 15 шілдеден бастап Нұр-Сұлтаннан («Нұрлы жол» вокзалы) жол жүруін уақытша тоқтатады», – делінген хабарламада. ⠀ Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады. ⠀ Еске сала кетейік, бұған дейін өңірде «Алматы – Атырау», «Ақтөбе – Атырау», «Маңғыстау – Атырау» бағытындағы пойыз қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылданған еді.