Бір болжам бойынша, таспа ормандарының пайда болуы ежелгі мұздықтың Алтай тауларының солтүстік-шығысынан сырғып, ормансыз далаға ағаш тұқымдарын және қолайлы құмды топырақты алып келуімен байланысты, - деп жазды павлодарлық географ Мұрабек Омаров. - Шалдай қарағайлы орманы 2003 жылы құрылған «Ертiс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының құрамына кіреді.
Егер мұнда жазда келсеңіз, қала
шуы мен автомобиль газдарынан демалып, қарағайлы орманның тыныштығына рахаттанып, аңқыған иісін жұтасыз. Жолы болған адам қысқы немесе жазғы уақытта елікті (егер аңның өзін көрмесе, онда оның қаптаған іздерін), қоянды, түлкі немесе түлкіден сəл кішілеу аң - қорсақты, және әрине, құстарды: құлақты бозторғайларды, шөже торғайларды, үлкен тоқылдақтарды кездестіруі мүмкін.
Павлодар облысында Шалдай орманы екі ауданды қамтиды: Шарбақты және Аққұлы. Біріншісінің аумағында, орманның өзінде Ғабдул Уахит хазіреттің кесенесі орналасқан, ол 1853 жылы осы ауданда дүниеге келген, молдадан хат танып, кейін көптеген жылдарға Бұхараға кетіп, кітаптарды көптеп оқып, өз білімін қарапайым халыққ а жеткізу үшін Отанына оралып, медресе ашты, сондықтан көптеген адамдар осы жерге келіп, Алладан өзіне, жақындарына денсаулық тілеп дұға жасайды; тіпті бала тілегендер де осында келіп, Ғабдұл Уахит пен оның әйелінің мәйітінде түнейді.
Бутербродпен жүрек жалғағаннан кейін, Шалдайда серуендеңіз – кетуге асықпаңыз! Алдыңыздан əлемі кесірткелер кездеседі, оларды қолмен ұстап, сипап көру де қиынға соқпайды (бірақ содан кейін, әрине, еркіне
босатыңыз!); сондай-ақ, жалаң аяқ жүруге болатын, кілем іспеттес Неккер мүгінің немесе басқа да мүктердің жұмсақ тұтас алаңқайларын кездестіруге болады.
Қалай жетуге болады? Павлодар автовокзалынан күніне бір рет Павлодар – Шалдай автобусы тікелей Шарбақты ауданының аттас ауылына барады. Шалдайдан кез-келген жеке меншік тасымалдаушымен Садық Ащы ауылына дейін жетуге болады. Онда табиғи сүт, оның ішінде ешкі сүті, қымыз және ұлттық тағамдардан керемет түскі ас ішуге болатын
аңшы үйі бар. Ересектер - атқа, балалар - есекке отырып серуендеуге болады. Жалға бөлмелер беріледі, мұнда бүкіл отбасымен қыста да, жазда да демалған жақсы. Ежелгі табиғаттың нағыз кереметі!
Сондай-ақ, Павлодардан Галкино ауылының маңына (айтпақшы, бұл маңды Галкин орманы деп атайды) жергілікті тұрғындардың айтуынша, тамаша тас жолмен жетуге болады, Арбаиген немесе Есілбай ауылдарына да дəл солай. Галкино бағыты бойынша демалыс үйі де бар (монша, кәуап, бассейн, жалға берілетін үй және асхана). Бір күнге де, үш күн демалысқа да келуге болады. Қашықтығы: Павлодар-Шалдай-100 км, Павлодар - Шарбақты - Галкино - 85+30=115 км. Шарбақты тұрғындарының айтуына қарағанда, екінші бағытпен жүрсеңіз, көптеген қызық көруге болады екен.
Антон Сергеев.
Фотосурет авторы Надежда Майба