14 тамызда Павлодар Ертіс өңірінде туристік базалар, демалыс үйлері, курорттар мен санаторийлер жұмысын қайта бастайды. Алайда көлеміне байланысты ғимаратты толтырылу келушілердің жартысынан аспауы керек.
Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев Павлодар облысының аумағында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы өзінің № 8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, ол «№ 43 бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына 17-қосымшаға сәйкес алгоритмді яғни, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін сақтай отырып, көлеміне байланысты толықтырылу 50%-дан аспайтын санаторий-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің, туристік базалардың және т.б. жұмысын қайта бастау» туралы қаулы етті.
Бұдан басқа, жаңа құжат туристік объектілер: қонақ үйлер, санаторийлер, пансионаттар, демалыс үйлері, турбазалар жанындағы жағажайлардың жұмысына арнайы мобильді топтың тексерісінен кейін әкімдік құрған дайындықтың оң актісі болған жағдайда, күшейтілген санаторлық-дезинфекциялық режимді және алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен бір келушіге төрт шаршы метрден кем емес алаңды сақталған жағдайда әкім орынбасары қол қойған жағдайда рұқсат беруді білдіреді. «Екі апта ішінде мониторинг жүргізіледі. Санитарлық-карантиндік шаралар сақталмаған жағдайда рұқсаттар қайтып алынады», - делінген Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.
Оның қаулысы 14 тамызға қараған түні күшіне енеді.