ЖАҢАЛЫҚТАР

Таңғажайып көріністер өлкесі

Шығыс Қазақстанды елдің ең әдемі аймағы саналатыны кездейсоқ емес. Мұнда еліміздегі ормандардың 70%-дан астамы және су қорының 50%-ы шоғырланған.

Мұндағы сұлу көріністерді айтып жеткізе алмайсыз. Бұл табиғи зоналардың әр алуандылығына байланысты. Орманды дала таулар мен альпілік зоналарға жақын орналасқан. Ормандарда өсімдіктердің 1000-ға жуық түрі өседі, олардың арасында қызыл кітапқа енгендері көп. Әдемі балқарағайды Риддер қаласының сыртындағы таулардан табуға болады. Алып ағаш тек қатал климатта, биіктікте жақсы өседі. Сондай-ақ, шырша, самырсын, қарағай, көктерек және қайың көп мөлшерде кездеседі. Ағаштардың бұл түрлері шет елдерге жаппай экспортталады.

Бірақ мамандардың айтуынша, ағаштың негізгі қоры қол жетпейтін жерлерде шоғырланған. Сондықтан ағаштарды жаппай кесумен айналысу тиімсіз. Шығыс Қазақстан әлі ұзақ уақыт елдің жасыл өкпесі болып қалмақ.