Жақында Павлодардың орталық көшесі - Сәтпаев көшесінде, поштаматтың жанында, - ақ жейдедегі қыздың үлкен портреті пайда болды, оның шашы өрілген және жолдың арғы бетіндегі «Счастье» (дүкен атауы) жазуына қарай ойнақы қарайды. Оған ағылшын тілінде жазылған және «love» сөзінің орнына жүрекше қойылған «Мен Павлодарды жақсы көремін" деген безендірілген сөздер, жамылғы көрпенің бейнесі әр беріп тұр. Суреттегі бейненің прототипі жергілікті мектептің үшінші сыныбында оқитын және көркем гимнастикамен айналысатын Інжу есімді сегіз жасар қыз екені белгілі. Бұл жұмысты алматылық суретшілер Ержан Танаев пен «Тигрохауд-крю» командасынан Әли Закир орындады. Суреттің мекен-жайы: Сәтбаев көшесі, 46 үй.
Жол бойында, тұрғын үйдің аркасында кеңестік рок жұлдызы Виктор Цойдың әдемі портреті бар. Оның сөздерінен дәйексөз келтірілген: «Адамдар бірдей ойлана алмайды, бірақ бір-бірін түсінулері керек. Олар сонысымен адам». Баспасөз мәліметі бойынша, портретті павлодарлық граффити шеберлері Владимир Зубко, Эвальд Мерк (Павлодарда хром лақап атымен белгілі) және Руслан Касимов (ол Faster) музыканттың қайтыс болуына 29 жыл толуына орай орындаған. Жұмыс поп-арт стилінде жасалған. Суреттің мекен-жайы: Сәтбаев көшесі, 37 үй.
Сол үйдің қарама-қарсы бетін «Құс-балық» деп аталатын жұмыс безендіреді. Оны 2016 жылы Алматыдан келген суретші Павел Кас салған. Жергілікті суретшілердің айтуынша, ол осы қалада муралды жасаған алғашқы павлодарлық емес стрит-арт шебері. Қабырғада ол улы қызыл түтін шығатын зауыттардың құбырларында жүзіп жүрген газдан қорғану маскасындағы қанаттары бар балықты бейнелеген. Жергілікті журналистер бұл салынған мутант қаладағы апатты күрделі экологиялық жағдайды бейнелейді, одан адамдар, жануарлар, құстар зардап шегетін өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларына байланысты, ал шенеуніктер балық сияқты үнсіз деп болжайды. Суреттің мекен-жайы: Сәтбаев көшесі, 37 үй.
Егер орталық алаңды кесіп өтсеңіз, онда ОӘД-ге(ЦУМ) жетпей-ақ, біз бес қабатты үйдің соңында биіктігі төрт қабатқа жететін «әлеуметтік» суретті көреміз. Ол азаматтарды сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүруге шақырады. Бұл муралды павлодарлық кәсіпкер және волонтер Антон Толчиннің «My Style» аэрография студиясы жасаған.Бұл - қалада муралды жасаған алғашқы павлодарлық компания, яғни қала билігімен келісілген, бірнеше қабат биіктіктегі ауқымды сурет. Суреттің мекен-жайы: Сәтбаев көшесі, 57 үй.
Егер жағалауға қарай бұрылып, орталық скверді кесіп өтіп, Астана көшесімен кері бағытта жүрсек, онда 59 және 61 нөмірлі ғимараттарға қарама-қарсы әр жағынан ғибадатханасы бар жапон пейзажымен безендірілген құрылысты көреміз. Оған кіретін есікті суретке салынған кішкентай айдаһар қорғайды. А. Толчиннің айтуынша, аэрография студиясы ғибадатхана эскизін 2012 жылдан бастап билікпен талқылады, бірақ бәрі де мақұлдау ала алмады. Соңында қолдау көрсетіліп, 2017 жылғы мамыр мерекелерінің алдында оларға осы шығыс экзотикасын бейнелеуге рұқсат етілді.
Павлодардың оңтүстік бөлігінде алматылық суретшілердің орындауында ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оның портреті салынған. Айтпақшы, қазір қалада Абайдың бірнеше портреті бар. Суреттің мекен-жайы: Жаяу Мұса көшесі, 7 үй.
Шығысқа қарай өтсек. Ломов пен Катаев көшелерінің бұрышында гимнастеркадағы қыздың әсерлі портреті бар. Белгілі болғандай, осы суретпен жұмыс істеген «My Style» командасы, мұражай қызметкерлері және «Жасыл Ел» жауынгерлері павлодарлық суретші және педагог Ольга Керимованың 2010 жылы Жеңіс күні шеруінде суретке түсірген баланы іздеген. Бес-алты жасар қызды көріп, оны суретке түсіріп, оның бейнесін соншалықты тартымды, таза және жарқын деп тауып, баланың портретін салған. О.Керимова өз еңбегін қызға бергісі келеді, бірақ оны қалай табуға болатынын білмейді. Содан кейін ол картинаны облыстық көркемсурет мұражайына береді, оның қызметкерлері жас кейіпкерді табуға көмектескісі келеді. Іздеуге бірнеше жыл уақыт кеткен. Ол үшін баспасөз, мектептер мен балабақшалар тартылды. Мәселе - оны іздейтін адамдар қыздың аты мен жасын білмеді. 2020 жылдың сәуірінде мұражай қызметкерлері оны қайтадан әлеуметтік желілер арқылы іздей бастады, сөйтіп, қыздың туыстары жауап берді. Оның есімі Нұрхаят Балтабаева екен. Ол қазірдің өзінде мектепте оқиды, 13 жаста, ал портретте – тек үш жаста болған. Кейіпкер табылып, Ольга Керимова оған портретті береді. Суреттің мекен-жайы: Ломов көшесі, 147 үй.
Катаев көшесін аралап, төрт қабатты үйдің бүкіл қабырғасына теңіз маягы салынған пейзажды кездестіреміз. Жылы маусымның соңында Антон Толчиннің аэрография студиясы жобаны краудфандинг арқылы жүзеге асыруды шешті, яғни бұл іске қолдау көрсеткісі келетіндердің барлығынан ерікті түрде ақша жинау. Қаражат жинап, тағы бір көрнекті орын жасай алды. Маяк соншалықты жақсы салынған, жалғыз терезе жанған кезде, маяктың жарығы жанғандай болады. Суреттің мекен-жайы: Катаев көшесі, 55 үй.
Енді жолдан өтіп, сәл кейін қайтамыз. Мұнда, көп қабатты тұрғын үйдің соңында көшет отырғызып жатқан қарт адам салынған. Бұл суретті салған А. Толчин, суреттелген адамды әдетте "Толстой" дейді, бірақ үйдің ауласындағы қыздар бұның Мичурин екенін айтты. Айтпақшы, павлодарлық журналист Людмила Баюшева бұл Лев Толстойдың «қария мен алма ағашы» әңгімесіне иллюстрация екенін айтады. «Қарт алма ағаштарын отырғызды. Оған: «Сізге алма ағаштары не үшін керек? Бұл алма жемістерін ұзақ күту керек, сіз олардан алма жей алмайсыз». Қарт адам: «Мен жемеймін, басқалары жеп, маған алғысын айтады», - делінген әңгімеде. Сурет ескі балалар кітабындағы сурет сияқты қара және ақ түстермен жасалған. Антонның айтуынша, оларға осы муралға тапсырыс берген клиент өзі ағаш отырғызып жатқан ақсақалды бейнелегісі келді: «менің балалық шағымда кітап болған, ал онда көптеген жылдар бойы есте қалған сурет бар, мен оны қабырғада көргім келеді», -дейді. Міне, сондықтан салдық. Суреттің мекен-жайы: Катаев көшесі, 44/2.
Соңында, Павлодардан шығып, сіз вокзал маңында бес қабатты үйдің шетіндегі қолында құсы бар әдемі бүркітшіні көресіз. Антон Толчиннің аэрография студиясының барлық суреттерін белгілі суретші Константин Александров орындады. Астана көшесіндегі Маяк пен ғибадатхана дизайнын Любовь Лаптева ойластырды. Қызды әскери формада бейнелеу идеясы Антон Толчиннің өзіне тиесілі, ал жоғарыда айтылғандай, «Толстой» - клиенттің идеясы. Бүркітші бейнесі «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының жауынгерлерімен бірге құрылса да, Антонға тиесілі. Константин ойластырған және салған жобалар бар.
Павлодар қабырғаларында осы және басқа да көптеген суреттерді ешкім бояп, жойып тастамай тұрғанда, көруге келіңіздер!
Қалай баруға болады! Барлық суреттерге қалалық автобустармен, микроавтобустармен немесе трамвайлармен оңай жетуге болады. Ғибадатхана, ақ жейдедегі қыз, Цой, құс-балық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мурал арасында жаяу жүруге болады. Олардан Абайдың портретіне дейін 21 немесе 22 автобустармен жүреміз. Осы жерден гимнастеркадағы балаға 115 микроавтобусы, одан маякқа дейін тез жетеді. Маяктан Лев Николаевичке дейін жаяу жүріңіз. Содан кейін Назарбаев даңғылына дейін бес минут және осы жерден трамваймен – «Шаңырақ орталығы» аялдамасына дейін, онда бүркітшіден суретке түсіп, вокзалға (авто және т/ж) жаяу жетуге болады.
Антон Сергеев
Фотосурет авторы Александра Боярчук