Биыл барша жұрт ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуде. Атаулы күнге орай республика бойынша бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мерекелік іс-шаралар эстафетасын өскемендік АЗИЯ АВТО құрастыру зауытының ұжымы қолдады. Олар Classic базалық жиынтығында LADA Granta-ның бірегей сериясын шығарды. Бұл автомобильдерде Abai175 жазуы болады. Әр сатып алушыға ұлы ағартушының «қара сөздері» кітабы табысталады. Айта кетерлігі, LADA Granta өзінің сегментіндегі танымал автомобильдердің бірі, сондай-ақ бірнеше жыл бойы қазақстандық өндірістің ең сұранысқа ие автомобилінің позициясын ұстап тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл модельдің сатылым саны 5000-нан асты.