Эш-4161 сериялы Паровоз – Қазақстандағы ежелгі паровоздардың бірі. Биыл 98 жылдығын атап өтеді. Раритетті техника елордаға Жамбыл депосынан жеткізілді. Эш-4161 паровозы 1922 жылы Швецияда Кеңес Одағының тапсырысы бойынша жасалған. Кеңес үкіметі одан кейін осындай машиналардың 1 000 данасына тапсырыс беріп, ақысын алтынмен төледі. Паровоз Түрксіб учаскелеріне қызмет көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында паровоз жүктерді фронт маңындағы жолаққа тасымалдады. Оқтар мен бомба жарылыстарының астында қалды. Соғыстан кейін паровозды бояудан тазалаған теміржолшылар «Неміс оккупанттарына өлім!» жазуын, көптеген ойықтар мен сынықтарды көреді.
1945 жылы машина Жамбыл локомотив депосына беріліп, маневрлік қозғалысқа үлкен пайда әкелді. 1982 жылы түтін тартқыштардың орнына тепловоздар мен электровоздар келгенде, деподағы тұғырға орнатылып, сонда 21 жыл тұрды. Теміржолға байланысты барлық маңызды іс-шаралары паровоз тұғырында өтті. Содан кейін ол астанаға мәңгілік тұраққа жеткізілді. Магистраль еңбеккері біздің назарымыз бен құрметімізге лайық.
Фото Л. Подоляк