ЖАҢАЛЫҚТАР

Баянауылдағы Қоңыр Әулие үңгірі ыңғайлырақ бола бастады

2020-08-21 12:25
Павлодар облысындағы аты аңызға айналған Қоңыр әулие үңгіріне көттерілетін баспалдақтар жаңартылды, ал айналасына  абаттандыру жұмыстары жүргізілді.


 «Биыл ұзындығы 920 метр болатын жаңа баспалдақтың құрылысы аяқталды (негізі болаттан, сатылары – балқарағайдан жасалған), таудың етегіне тас төсеуіш төселді; 67,5 миллион теңге сомасына төрт биодәретхана, орындықтар, үш мүсін — ұлттық киімдегі қыздар, бүркіт пен арқар орнатылды», - деп хабарлайды Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы sayahatnews.kz тілшісіне.


Қоңыр әулие үңгірі - Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тауларында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Баянауыл ауданында орналасқан Республикалық маңызы бар қасиетті нысан екенін айтты. Туристік аумақтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету және курорттық аймақтың тартымдылығын арттыру үшін 2020 жылы оған іргелес аумақты абаттандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілген.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020-2021» бағдарламасы аясында Қоңыр әулие үңгіріне барар жолға (тоғыз шақырым) 109,2 миллион теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деп толықтырды мекемеде.

Қалай баруға болады? Павлодардан Баянауылға Ленин кенті, Спутник, Пограничник, Төртқұдық, Майқайың ауылдары арқылы Р27 тас жолы өтеді. Облыс орталығынан үш сағаттан астам уақыт ішінде жетуге болады. Баянауыл саябағына кіріп, Жасыбай көліне барамыз. Оның жанында үңгір бар. Үңгірге жаяу барған дұрыс.


Антон Сергеев
Фотосуреттерді Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы ұсынды