ЖАҢАЛЫҚТАР

«Панфиловшылар жанында кездескенше!»

Алматыда бір жер бар. Ол жерде болмасаңыз, Қазақстанның «оңтүстік астанасында» болып көрмедім дей беріңіз. Бұл – 28 панфиловшылар атындағы саябақ. Кейбір жергілікті тұрғындардың айтуынша, алматылықтар саябақты қатты қысқартып, «екі және сегіз» деп те атайды. Кейбіреулер мұнда Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға, кейбірі –керемет Вознесенск кафедралды соборына баруға, басқалары – баламен демалуға немесе жасыл көлеңкелі аллеяда серуендеуге келеді.


28 панфиловшылардың ерлігінің құрметіне саябаққа аты ғана емес, сонымен бірге қарама-қарсы тұрған, адамның терең эмоцияларын тудыратын өте керемет  Даңқ мемориалы бар. Дереккөздердің айтуынша, ол 1975 жылы ашылған және үш бөліктен тұрады. «Ерлік» деп аталатын орталық бөлігі – Мәскеуді кеудесімен қорғап қалған панфиловшы батырлардың бейнесін көрсеткен.


«Негізінен Қазақстанның астанасында (Алматы – А.С.) қалыптасқан, И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып өзгертілген 316-атқыштар дивизиясының теңдессіз ерліктері Ұлы Отан соғысының шежіресіне алтын әріппен енді. Дубосеково разъезінде жау танктерін тоқтатқан 28 гвардияшы-панфиловшылардың есімдері мәңгі өлмейді. Мұнда саяси нұсқаушы В. Г. Клочков сарбаздарға ант бергендей соңғы сөзін айтты: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ. Артымызда – Мәскеу», - деп жазды Сүлеймен Жүсіпбеков 1980 жылы жарық көрген «Верный қаласы» кітабында.



Жанында Ауғанстан және басқа да елдердің аумағында ұрыс қимылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы (бүкіл әлемдегі халық музыкалық аспаптарына маманданған бесінші музей), 1908 жылы салынған әдемі офицерлер үйі бар.




Паркте Қазақстан қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы «Киров» Қызыл тулы крейсерінің корабльдік қаруы орнатылған. Тағы да көптеген қызықтар бар…



Жергілікті Вознесенский соборы, белгілі болғандай, 1907 жылы салынған. Бас құрылысшы болып Андрей Зенков сөз сөйледі. Ол Верный қаласының, кейін Алма-ата, содан кейін қайта Алматы аталған қаланың бірінші басшысы – Павел Зенковтың ұрпағы болса керек. Айтпақшы, ол да сәулетші болған. Он тоғызыншы ғасырда Павел Зенков 28 панфиловшылар атындағы саябаққа айналған бақшаны тұрғызды дейді.


Міне солай. Парктің қақ ортасында бой көтерген Собор көп нәрсені басынан өткерді: 1911 жылғы апатты жер сілкінісі, тіпті 1929 жылдан бастап оны Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұражайы ретінде, ал қоңырау мұнарасы – қалада алғашқы радио бағдарламаларын ұйымдастыру үшін пайдаланды. Вознесенский соборы әлемдегі ең үлкен және ең биік ағаш ғимараттардың бірі болып саналады.

Қалай жетуге болады? Саябақ Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. «28 панфиловшылар паркі» аялдамасына жету өте ыңғайлы. Оған № 13, 16, 22, 66, 126, 129 және № 1, 9, 11, 12, 19 троллейбустары барады. Жақын маңдағы тағы бір аялдама – «Арасан» кешені. Оған №16, 66, 112, 126 автобустармен жетуге болады.

Антон Сергеев
Автор мен Александра Боярчуктың суреті