ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында «Сартас» бағыты мен визит орталығы құрылуда

2020-09-28 17:58
Маңғыстау облысының билігі Мәдениет және спорт министрлігімен, «Қазақтуризм» компаниясымен бірге туристер үшін өңірдің көрікті жерлерін, табиғатын, тарихи-мәдени, туристік орындарын көргісі келетіндер үшін тағы бір бағытты анықтады. Сонымен қатар, келесі жылдың соңына дейін өңірде саяхатшылар үшін заманауи визит-орталық ашылады.

Ақтау қаласынан Сартас өңірімен аттас Сартас бағытына дейінгі қашықтық 135 шақырымды құрайды, деп хабарлайды sayahatnews.kz журналисіне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл бағытқа Жығылған, Форт-Шевченко, Қапам-сай нысандары, Сұлтан-епе, Шақпақ ата жерасты мешіттері кіреді», - деп атап өтті ақпарат көзі.

Сонымен қатар, билік Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында «Сартас» визит-орталығын салуды жоспарлап отыр. Оған салынатын инвестиция көлемі – 248 миллион теңге. Визит-орталық 2020-2021 жылдары салынбақ,- деп хабарлады баспасөз қызметі.

«40 тұрақты жұмыс орны құрылды; қуаттылығы – жылына 35-40 мың турист. Визит-орталық жергілікті жердің интерактивті картасы бар инфодескімен, глэмпингпен, кемпингпен, киіз үймен, дәмханамен, кәдесый дүкенімен, медициналық пунктпен жабдықталады және келушілер үшін жергілікті жерде джип-турлар, квадроциклмен көрнекі жерлерге турлар, велосипедтер мен жаяу жүргіншілер жолдарын жалға алу, сафари-турлар, киіз үйде түнеу, жаяу жүру маршруттары ұйымдастырылатын болады».

Сапар орталығына бөлінген жердің жалпы ауданы бір жарым гектарды құрайды. Эскиздік жоспар жасалған, жұмыс жобасы әзірленуде. Визит орталығының инвесторы – «КЗ Нефтемаш» компаниясы.

Антон Сергеев
Фото: lada.kz