ЖАҢАЛЫҚТАР

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Е. Каналимов үстіміздегі жылдың күзінде Қазақстанда өтетін V Халықаралық көшпенділер ойындарына әмірліктер тарапын қатысуға шақырды.

Ү. ж. 26 ақпанда Дубай қаласында ҚР Бас консулдығының көмегімен Астана қаласы Мәслихатының Төрағасы және Астана қаласының ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының Президенті Ерлан Каналимовтың Дубай Ат спорт клубының (Dubai Racing Club) Бас директорының орынбасары Али Әл Әлимен кездесуі ұйымдастырылды.

Тараптар кездесу барысында ат спорты саласындағы ынтымақтастықтың мәселелерін, олардың ішінде ипподромдарды салу және олардың жұмысын жүргізу бойынша тәжірибе алмасуды талқылады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Е. Каналимов үстіміздегі жылдың күзінде Қазақстанда өтетін V Халықаралық көшпенділер ойындарына әмірліктер тарапын қатысуға шақырды.