Бұл жол ешкімді бей-жай қалдырмайды. Ол үнемі тауға көтеріліп, нағыз бұралаң жолға айналады. Жүргізушілеге әсіресе абай болып, терезенің ар жағындағы сұлулыққа алаңдамау керек.
Тауға жоғары көтерілген сайын, самырсын көбейе береді. Тау сұлулары ыңғайлы жағдайларда өседі. Діңгектердің көлеміне қарап, олардың жүз, немесе одан да көп жаста екенін білуге болады.
Кеңес заманынан бері мұнда пионер лагерьлерінің аумағы болды. Қазір олардың орнына жеке меншік кемпингтер мен шаңғы базалары келді.
Тау өзені Кіші Үлбі деп аталады. Су мұнтаздай таза. Мұнда қарауыз балығы жүзеді. Көктемде өзен күшті діңгектерді оңай жоятын және көп тонналы тастарды оңай тасымалдайтын тоқтаусыз ағынға айналады.
Бұл жер әсіресе қыс мезгілінде танымал. Қалалықтар мұнда тау шаңғысын тебуге келеді, соңында табиғат аясында кәуап әзірлейді. Әрине, бұл тас жолда суық кезде ерекше абай болу керек. Тік шыңдарда қар көп жиналып, кез келген уақытта жолға шығып кетуі мүмкін.
Қыста жүргізушілерге жол жиегі мен қар деңгейін көрсететін белгілер осындай.
Жергілікті көрнекті орындардан суы керемет бұлақ пен бір кездері кен өндірілген ежелгі ұңғыманы атауға болады.
Жылдың кез келген мезгілінде Таулы Үлбіде табиғаттан ләззат аласыз. Тас жолда қозғалыс жоқтың қасы. Көптеген адамдар бұралаң тау жолынан айналмалы жолды құп көреді. Сондықтан осы ерекше және әдемі жерде жалғыз қалуға сізге ешкім кедергі болмайды.
Автор: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов