ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордадағы мерекелік шаралар

Елордалық мәдениет қайраткерлерінің танымал репертуарлары Қазақстан Республикасының Конституция күнінде орындалады.

Елордалық филармония ұжымдары мен солистері отандастарын Конституция күнімен құттықтап, елорда тұрғындары мен қонақтарына бірден екі концерт береді.

Олардың бірі «Астана» концерт залының сахнасында көрерменсіз өтеді және 30 тамыз күні сағат 20:35-те «Хабар» телеарнасының қолдауымен «Kazakh TV» алғашқы ұлттық спутниктік телевизиялық телеарнасында көрсетіледі.

Екінші концерт 31 тамыз сағат 12:00 - ден 15:00-ге дейін теплоходта өтеді.
Іс-шаралар қалалық бюджет қаражатын шығындауды көздемейді. Мысалы, «Есіл Астана» кеме қатынасы компаниясы мәдениет басқармасының бастамасын қолдап, өзінің теплоходын өтеусіз негізде ұсынды. Есіл өзенінің жағалауында, сондай-ақ филармонияның әлеуметтік желілерінде елорда тұрғындары мен қонақтары отандық және шетелдік авторлардың тамаша туындыларын тамашалай алады.

Мерекелік концертке симфониялық оркестр; ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова; Ақбота Құснадин, Күнсұлу Тұрлыбекова, Нұрбол Балапанов, Рүстем Жүгінісов, Көркем Шолошова, Алтынбек Әбілда, Бибігүл Тыныштық, Дихан Ильяшев, Сәулежан Тақзия, Айдын Жұмабаев, Дәстүр Асылхан, Дос, Диана Маева, Мұратбек Хайролда, Арайлым Әшімханова және тағы басқалар қатысады.

Сонымен қатар, 30 және 31 Тамызда «Nur-Sultan Autocinema Festival» алаңында (Қабанбай батыр даңғылы жағынан «Astana Arena» стадионының тұрақ аумағында) көше кинотеатры форматында танымал отандық және шетелдік фильмдер тегін көрсетіледі. Шамамен бірінші сеанстың басталу уақыты 20:30-да, екіншісі 22:30-да.

Эпидемиологиялық жағдайда ұйымдастырушылар тамақ пен салқын сусындарды байланыссыз жеткізуді қарастырады. Автокинотеатр аумағында келушілер барлық белгіленген санитарлық нормаларды ұстануы, өзімен бірге медициналық бетперделер, қолғаптар алып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.