ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысы: жаңа қонақ үймен ҚР топ-10 болашағы зор тураймағына айналды

Маңғыстау өңірінде Каспийдің қазақстандық жағалауына туристерді тартудың басты нүктелерінің бірі бола алатын тағы бір қонақ үй пайда болды. Облыстың өзі, әкімдіктің мәліметі бойынша, ел аймақтарының қонақтар үшін болашағы зор «ондығына» кірді.

«Маңғыстау облысы Республиканың ең перспективалы туристік аймақтарының топ-10 қатарына кірді, – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. –Маңғыстау облысында 92 орналастыру орны бар, олар 5856 төсек-орынды құрайды».
Басшылықтың мәліметінше, өңірде әлемге әйгілі «Риксос Ақтау» қонақ үйі, «Холидей ИНН Актау» қонақ үй кешенінің аквапаркі ашылып, «Достар» қонақ үй кешені кеңейтілуде. Айтпақшы, «Риксос» қонақ үйі жергілікті экономикаға мультипликативті әсер ететін туризм саласындағы аймақтың негізгі жобасы болып саналады. Бірінші тамыздағы мәлімет бойынша, қонақ үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 68 миллиард теңгені құрады. Қонақ үй ашылған сәттен бастап мұнда 43 942 адам, оның ішінде 14 982 бала қабылданып, оларға қызмет көрсетілді. 660 жұмыс орны ашылды, олардың көпшілігіне Маңғыстау облысының тұрғындары ие болды. Ақтаулық «Риксос» қазақстандық туркомпаниялармен 13 шарт, сондай-ақ 140-тан астам компаниялармен шарттар жасасты, бұл жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне, клинингтік қызметке, көлікке және экономиканың басқа да салаларына оң әсер етті.

Сонымен қатар, өңір басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, қонақ үйге ТМД елдерінен танымал әртістерді тарту және Маңғыстау облысына келетін туристерге жаңа нысанның тұсаукесері бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл істе компания өзінің әлемдік тәжірибесін пайдаланады.

Антон Сергеев