ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы су қоймалары назарда

2020-11-20 17:33
Қазақстан Президенті «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасы Ахметқал Медеумен кездесу барысында Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендерімен, сондай-ақ бірқатар басқа да су объектілерімен байланысты мәселелерді шешу жолдарын іздеуге баса назар аудара отырып, су қауіпсіздігі мәселелерін зерттеудің өзектілігін атап өтті.

Мемлекет басшысының «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасы Ахметқала Медеуді қабылдағаны туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды», - деп хабарлайды ресми ресурс.

Сондай-ақ, Ахметқал Медеудің Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет бергені айтылған.

«Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты», - деп атап өтті akorda.kz.

Антон Сергеев
Фото: akorda.kz